Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет207/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   315
Ауру тарихынан фрагмент 
«Жедел іш» ауруы бар науқасқа арналған анамнез сұлбасы. 
Ауру симптомдарының пайда болу нақты уақыты. 
Ауруының басталуы (жедел, созылмалы). 
Іш аймағының ауырсынуы: 
- бастапқы орналасуы; 
- келесі өзгерістер; 
- ауырсыну сипаты; 
- іште ауырсынумен өтетін іштің шұрылдауы; 
- зәр шығарғанда ауырсыну. 
Құсу: 
- пайда болу кезеңі (ауырсынумен бірге немесе соңынан); 
- жиілігі; 
- құсықтың түсі және құрамы; 
Жүрек айну (әсіресе, құсу болмағанда). 
Нәжіс: 
- реттілігі; 
- соңғы дефекация актысының уақыты; 
- іштің өтуі; 
- нәжісте қан, сілемей, ірің, паразиттер болуы. 


308 
Етеккір: 
- соңғы етеккірдің пайда болған күні; 
- соңғы етеккір сипаты (қалыпты немесе қалыпты емес, уақытылы 
болуы); 
- ауырсынуы (әдеттегідей немесе басқаша). 
Зәр шығаруы: 
- сипаты (қалыпты немесе қалыпты емес); 
- ауырсынудың болуы;
- зәрдің түрі.
Басынан өткерген аурулар: 
- болған оталар; 
- қандай аурулар болған; 
- ертеде тамақтанудан кейін ауырсыну, кекіру, қыжылдау, құсу болды 
ма; 
- бауырлық немесе бүйректік шаншу, сарғаю болды ма; 
- ертеде нәжіс қан аралас болды ма; 
- қанмен құсу, зәрде қан, қанды немесе қара нәжіс болды ма. 
Ерні.
Түсі, ылғалдылығы, бөртпелелрі, ойық жаралары, жарылуы, 
көпіршіктері анықталады. 
Ауыз қуысы
(ең соңында қаралады). Сілемей қабатының түсіне, 
қансырауына, ойық жарасына, энантемаларға, ылғалдылығына, Бельский-
Филатов-Коплик дақтарына, стенонов түтігі аймағының гипермиясына 
және басқа өзгерістерге көңіл аударылады. 

Ерте жастағы балалардың тамақтану реттілігі, омыраудан немесе 
шөлмектен қанша сүт соратынын ескереді. 

Лоқсуы құсуы ескеріледі. 

Тілі. Түсі, ылғалдылығы, суреті («географиялық» тіл), жабынды, 
бүртіктерінің жағдайы (гипертрофия, атрофия, «таңқурай түсті тіл», 
«лактанған тіл»), жарықтары, ойық жаралары, тістің іздері, сыртқа 
шығарғанада тілдің дірілі, тілдің бір жаққа ығысуы анықталады. 

Тістер (сүт, тұрақты, олардың саны және жағдайы). 

Қызыл иек. Түсіне, ісінуіне, борпылдақтығына, қансырауына, ойық 
жарасына көңіл аударылады. 

Сілекей бездерінің жағдайын (құлақ маңы, иек асты, тіл асты) 
сипаттайды: олардың ұлғаюына, ауырсынуына, ісінуіне, бездер 
аймағы терісінің өзгерісіне, шайнау кезінде, аузын ашқанда және т.б 
ауырсынуын. 
Жұтқыншақ. 
Сілемей қабатының түсіне, бадамша бездерінің 
жағдайына (гипертрофия, ісіну, ұлғаю дәрежесі) доғалар, тілшектер 
жағдайына; жабылдысына (қалпы бойынша аралшықты, тұтас, борпылдақ, 
іріңді және т.б; көлемі, орналасуы, жабынды түсі, шпательмен сылынуы) 
көңіл аударылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет