317
Диурез
Дені сау нәресте өмірінің алғашқы 3 күнінде
ағзаға сұйықтық аз
түсуінен, оның бүйректен тыс жоғалтылуынан және гемодинамика
ерекшелігінен зәр аз шығады (транзиторлы олигурия) немесе мүлдем зәр
болмайды (алғашқы 12 сағат). Тәулік бойы
зәр болмауы патологияны
болжамдайды. Әрі қарай зат алмасуының интенсивтігіне және тамақ
үлесінің өзгешелігіне байланысты балалар үлкендерге
қарағанда зәр көп
шығарады.
10 жасқа дейінгі (кесте 10-1) балаларда тәуліктік зәр көлемін төменгі
формула бойынша есептеуге болады:
600+100х(n-1),
n – баланың жасы: 600 – бір жастағы баланың тәуліктік диурезі
Қоршаған орта температурасы жоғарылауында зәр көлемі аз болады,
ал төмендеуінде – көп.
Кесте 10-1.
Тәуліктік зәр шығару саны
Жасы
Саны
Нәресте (алғашқы күндерінен басқа)
20-25
6 ай – 1 жас
15-16
2 – 3 жас
7-8
Мектеп жасы
5-6
Достарыңызбен бөлісу: