Бала бүйрегінің осмо- және волюмреттеуі жетілмегендіктен су және электролит бұзылыстарын жылдам және эффективті қалыпқа келтіруге қабілетсіз. Олар судың көп болғанында қарқынды шығара алмайды, ал сұйықтық жетпегенде үнемдей алмайды, ағзаның тіндерінде жиналатын натрийді айтарлықтай белсенді реабсорбциялайды. Сондықтан балаларда ісіну және сусыздану жылдам дамиды. Инфузиялық терапия жүргізілгенде осыны есте сақтау керек.
Постнатальдық кезеңде секреторлық қабілеттің төмендігінен тамақтану бұзылысы, жасанды тамақтануға ерте көшіру балаға жағымсыз әсер етуі мүмкін – қанда қандай да бір иондар концентрациясы ауытқуынан белгілі бір симптомокомплекс байқалады (гипер- немесе гипокальциемия, гипер- немесе гипокалиемия және т.б.).
Дәрілік заттар (мысалы, антибиотиктер), тұзды ерітінділер және т.б. тағайындағанда бала бүйрегінің салыстырмалы төмен және баяу экскрециясын ескеру қажет.
Баланы жасанды тамақтандыруға көшіргенде, әсіресе өмірінің алғашқы күндерінен, қышқыл мен сілті тепе-теңдігі қышқылдық жағына ығысады, сондықтан шумақ фильтрациясы және құбырлардың сутегі иондарын шығару мүмкіндігі физиологиялық төмен жағдайда ағзадан өнімдер саны шығарылмай ақуыз күштемесі көбейеді.
Бүйректің қышқылды-сілтілі жағдайын реттеу механизмі жетілмегендіктен ерте жастағы