Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет211/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Бүйрек құрылымы 
Өмірінің алғашқы жылдарында бүйрек бөлікті құрылымды (2-5 
жасына қарай жойылады), милы қабатының қалыңдығы қыртысты 
қабатынан басым (1:4, үлкендерде 1:2 қатынасында). Жетіліп туған 
нәрестеде нефрон саны
 
 
 
 


 
312 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 10-1. 
Ерте жастағы балалардың зәр шығару жүйесінің анатомды-
физиологиялық ерекшеліктері 
 
 
 
 
Анатомиялық 
ерекшеліктері 
Бүйрек 

салмағы және көлемі
салыстырмалы үлкен 

полюстері жақындаған 
(дөңгелектенген мүше) 

ересектердікіне 
қарағанда қозғалмалы 

құрылымы бөлікшелік 

милы қабаты қыртысты 
қабатынан басымырақ 

бүйрек тінінің бірлік 
көлемінде шумақтардың 
саны жоғары 
Физиологиялық 
ерекшеліктері 
Бүйрек 

шумақтық 
фильтрациясы төмен 

реабсорбционды 
қызметі шектеулі 

секреторлы 
функциясы шектеулі 

концентрационды 
қабілеті төмен 
Бүйрек астауы 

салыстырмалы кең 

бүйрекішілік 
орналасады 
Несепағарлар 

иректелген, бүгілген жерлері бар 

гипотониялы, диаметрі 
салыстырмалы үлкен 

дистальды бөлімі қысқа 
Қуық 

несепағарлар сағалары 
аймақтарындағы бұлшықетті 
талшықтар айқын емес 

шырышты қабаты қалың, 
борпылдақ, қанмен жақсы қамтамасыз 
етіледі 


313 
үлкендердікіндей (2 млн жуық), тек аса жетілмей туған балаларды 
туғаннан кейін біраз уақыт дамиды. Үлкендерге қарағанда нәрестелер мен 
сәбилерде шумақ саны тін көлемінің бірлігінде көп. Олардың диаметрі 
айтарлықтай кіші. 2 жасқа дейінгі балада нефрондардың саралануы 
жеткіліксіз (сурет 10-2). 
Қыртысты затының морфологиялық жетілуі 3-5 жасқа қарай, ал 
бүйректің дамуы толықтай мектеп жасында аяқталады. 
 
Бүйректердің функционалдық ерекшеліктері 
Бала туғаннан бастап бүйрек гомеостатикалық функция атқара 
бастайды. 
Нәресте бүйрегінің 
фильтрациялық қабілеті
төмен. Оның себептері: 

шумақ 
қаптамасы 
висцеральды 
қабатының 
гистологиялық 
құрылысының ерекшелігі (кубты эпителий); 

шумақтар көлемінің кішілігі (шумақтардың жалпы фильтрлеуші 
беткейі үлкендердікінен 5 есе кем); 

төмен гидростатикалық қысымы (бүйректен минут сайын ағып 
өтетін қан көлемі үлкендерде жүрек шығарылымының 25% құрайды, 
нәрестеде тек 5%-ы). 
Баланың өсуіне қарай шумақ фильтрациясының көлемі ұлғаяды, 1 
жасының соңында үлкендердің деңгейіне жетеді. 
Әр түрлі заттардың 
құбырлық реабсорбция және секреция
үрдісі 
біртіндеп қалыптасады, жаңа туған балаларда бірқатар ерекшеліктері бар: 

электролиттер және төмен молекулярлы заттардың құбырлық 
реабсорбциясы төмен, сондықтан бұл жаста аминқышқылының, 
фосфаттардың және бикарбонаттың зәрмен жоғары экскрециясы 
байқалады; 

өмірінің алғашқы апталарынан бастап глюкоза реабсорбциясы 
үлкендердікімен тең немесе тіпті жоғары, сондықтан өсіп келе жатқан 
организмге қажет энергияның сақталуына әсер етеді; 

натрий иондарының реабсорбциясы интенсивті жүреді, натрий 
хлоридімен жүктегенде нәресте бүйректері натрий иондарының 
реабсорбциялануын жалғастырады, ал үлкендерде олардың сорылуы 
тежеледі; 

нәрестелер су және натрий хлоридін адекватты экскрециясына 
қабілетсіз; олардың бүйрегі сұйықтықты тәулік бойына бөлшектеп 
шығарады, ал бірмезеттегі су күштемесі диуретикалық эффектінің 
болмауымен жүруі мүмкін; 

калий, кальций, магний және т.б. иондар экскрецияға қабілеттігі 
төмен; 

туу кезеңіне қышқылдық-сілтілі жағдайды реттеу үрдісі дамымаған: 
бала бүйрегі уақыт бірлігінде қышқыл радикалдарын 2 есе аз 
шығарады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет