Қарау
Қарауда көптеген патологиялық белгілерді табуға мүмкіндік береді
(кесте 10-2)
319
Кесте 10-2.
Зәр шығару ағзаларының ауыру симптомдары
Белгісі
Сипаттамасы және себебі
Терінің бозаруы
Артериолалардың спазмы немесе анемия қосылуынан дамиды.
Балауыз тәріздес бозғылттық бүйрек амилоидозына тән.
Сарғыш реңкті бозару – уремияға тән (сонымен қатар қасыну
іздері, теріде экхимоздар байқалады, тілі жамылғылы, құрғақ,
теріден және аузынан аммиак иісі шығады)
Бетінде және
аяғында ісіну
(немесе пастоздық)
Ісіну жалпы болуы мүмкін:
- барлық денеге жайылмалы (анасарка);
- қуыстарда сұйықтық жиналу: іште (асцит), плевральды
(гидроторакс) және перикард қуысында (гидроперикард).
Беттің күлбіреуі, қабақ ісінуі, көз саңылауының тарылуы (facies
nephratica, сурет 10-3), буын контурының (сурет 10-4), бел
лордозының тегістелуі, киім, төсек жамылғысы ізінің қалуы
(сурет 10-5).
Жасырын ісіну күмәндігі туғанда жүргізілетін сынама:
- Мак Клюр-Олдрич сынамасы;
- күнделікті баланың салмағын өлшеу;
- күнделікті диурезді өлшеу
Іш қалпының және
көлемінің, шат
үсті, бел аймағы
контурының
өзгеруі
Іш көлемі асцитте ұлғаяды:
- вертикальді жағдайда кіндігі сыртқа томпайып (қарынішілік
қысымның жоғарылауынан) қарны төмен салбырайды (себебі
сұйықтық төмен ығысады);
- горизонтальді жағдайда – бүйір тұстары ұлғайып қарны
керіліп жатады («бақа қарын», сурет 10-6);
Зәр шығуы күрт тоқтауда қуығының зәрмен толуына
байланысты, шат үстінің томпаюы байқалады.
Нәрестеде және алғашқы айлардағы балаларда зәрге толған
қуық шат үстінен байқалады.
Зақымдалған жағында бел тұсының ісінуі паранефритте
байқалады
Дисморфогенез
стигмалары
Көбіне генетикалық нефропатиясы, бүйрек және зәр шығару
жолдарының ақаулары бар балаларда байқалады
Зәр шығару
кезіндегі баланың
мінез-құлық
өзгерістері
Сәби балалар зәр шыққандағы ауырсынуды, зәрді шығару
кезінде немесе зәр шығасымен айғайлаумен білдіреді.
Қуықтың гипорефлекторлы нейрогенді дисфункциясында зәр
шығаруы ұзаққа созылады, жиі бөліп-бөліп шығарады, зәр
шығуын жеңілдету үшін бала қарнының алдыңғы беткейін
қолымен басады
|