323
Зертханалық зерттеулер
Зәр шығару жүйесінің ауруларында зәр анализінің өзгерістері
маңыздылығы жағынан бірінші орында.
Зәр шығару жүйесі патологиясы бар баланың лабораторлы және
аспаптық зерттерудің жалпы сұлбасы сурет 10-11 көрсетілген.
Сурет 10-11.
Зәр шығару жүйесі патологиясы
бар баланың лабораторлы
және аспаптық зерттерудің жалпы сұлбасы
Көз түбі
Артериалды
қысым
Зәрді зерттеу:
жалпы анализ
сандық тесттер
бактериялық
зерттеу
функционалды
бүйректік
сынама
арнайы
тесттер
УДЗ
Бүйрек тамырлары
ангиографиясы
Бүйрек биопсиясы
Қанды зерттеу:
жалпы анализ
биохимиялық
зерттеу
иммунологиялық
зерттеу
коагулограмма
арнайы зерттеулер
Экскреторлы
урография
Радионуклеидті
зерттеулер
(нефрография,
сцинтиграфия)
Микционды
цистоуретрография,
цистоскопия,
цистометрия және
урофлоуметрия
324
Жалпы зәр анализі
Жалпы зәр анализінде зәрдің физикалық қасиеті, химиялық құрамы
және тұнбасының микроскопиясы анықталады (кесте 10-3).
Зәрді жинау әдісі: зәр сыртқы жыныс
ағзаларын тазалаған соң
таңертеңгі зәр (ортаңғы ағымы) тексеріледі. Нәрестелерде және сәби
балаларда зәр жинау үшін бұтаралыққа бекітілген зәр жинаушы құрал
қолданылады.
Гематурия және лейкоцитурия ошағын анықтау үшін
екі стакандық
сынама жасалады.
Жалпы зәр анализі зәр тұнбасының болжамалы бағасын береді,
сондықтан өзгеістер анықталса сандық тесттер жасалады (кесте 10-4).
Нечипоренко әдісі – 1 мл зәрдегі жасушалық элементтерді санау;
Аддис-Каковский сынамасы – 24 сағатта жиналған зәрдегі
жасушалық элементтерді санау.
Кесте 10-3.
Балалардағы жалпы зәр анализі
Белгісі
Қалыпты
Балалардың зәр ерекшелігі
Түсі
Ақшыл – сары
(урохром,
уробилиноген,
уроэритрин,
уророзеин болуына
байланысты)
Өмірінің
алғашқы
аптасында
оңай
кристаллданып, жаялықта кірпіш түстес дақ
калдыратын зәр
қышқылының көп бөлінуінен
(нәресте бүйрегінің зәр қышқылды инфаркты)
бала зәрінің түсі янтарлы-қоңыр түсті болуы
мүмкін. Соңғысының себебі – жасушалардың
көп
мөлшерде ыдырауы, олардың ядросынан
көптеген
пуриндік
және
пиримидиндік
негіздер
босап шығуы;
бұл метаболизм
соңында зәр қышқылы түзіледі.
Ересек балалардың және үлкендердің зәрінің
түсі сарғыштан янтарлы-сары түске
дейін
өзгереуі мүмкін, ал сәбилерде оған қарағанда
ақшылдау
Мөлдірлігі
Толық
Үлкендердікіндей