Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет239/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

347 
4.
 
Созылмалы гломерулонефриті бар 9 жасар баланы жоспарлы 
зерттегендегі жалпы зәр анализінде: ақуыз жоқ, лейкоциті 2-3 көру 
алаңында, эритроциттер 10-15 көру алаңында, зәрдің салыстырмалы 
тығыздығы 1,007-1,028, шумақ фильтрациясы (эндогендік креатинин 
клиренсі бойынша) 100мл/мин/1,73м. Төмендегілердің қайсйысы 
қалыпты көрсеткіштен ауытқыған: 
A.
зәр тұнбасында лейкоциттер саны; 
B.
зәр тұнбасында эритроциттер саны; 
C.
зәрдің салыстырмалы тығыздығы
D.
шумақ фильтрациясының көлемі. 
5.
 
Нефротикалық синдром симптомокомплексі неден тұрады: 
A.
ісіну; 
B.
АГ; 
C.
тәулігіне 50 мг/кг-нан жоғары протеинурия; 
D.
гипопротеинемия; 
E.
гиперлипидемия. 
Дұрыс жауаптар: 1-D; 2-D; 3-B; 4-B; 5-A,C,D,E. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Тарау 11 
Қан және қантүзу жүйесі 
Қан - ағзаның барлық дерлік жасушаларын қоректендіретін сұйық тін, 
оларды оттегімен қанықтырады, барлық зат алмасу түрлерімен 
қамтамасыз 
етеді; 
құрамында 
фагоциттер, 
иммундық 
денелер 
болғандықтан қорғаныс функциясын атқарады. 
Қан плазмадан және формалық элементтерден - эритроциттерден, 
лейкоциттерден, тромбоциттерден тұрады. 
Қантүзу
Қантүзу, 
яғни 
гемопоэз 

қанның 
формалық 
элементтерін 
қалыптасытыру және әрі қарай оларды жетілдіру үрдерісі. 
Ұрықтың құрсақ ішілік дамуында қан түзілуі бірінен соң бірі ретімен 
ауысып отыратын үш кезеңнен тұрады: 
1 - эмбриональды (мегалобластикалық); кезең, 2 апталық ұрықта
саруыздық 
қалташаның 
қан 
аралшықтарында 
мегалобласттардың 
(біріншілік эритробласт) түзілуінен басталады, бұл ядросы бар және Hb-
нің эмбрионалдық типті жасушалары болып табылады. 
2 – бауырлық; кезең гестацияның 7-ші аптасында басталып, 5 айында 
шыңына жетеді. Бауырда эритробласттар және эритроциттер түзіледі. 
Гестацияның 3-4 айында гемопоэзге көкбауыр қосылады. Онда эритро-, 
грануло - және мегакариоцитопоэз жүреді. Белсенді лимфопоэз 
көкбауырда құрсақішілік дамудың 20-шы аптасыннан басталады. 
3 - сүйек кемігі (медуллярлық); кезең гестацияның 4-5 айында 
басталады, біртіндеп ол негізгі қан түзу жүйесіне айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет