8
Эмбриональды кезең (3 – 8 апта)
Бұл кезең тіндердің жоғарғы қарқынынды дифференциалдануымен
және соңында барлық басты ағзалар мен жүйелердің рудименттері
қалыптасуымен ерекшеленеді. Эмбрионалды
кезеңнің соңында эмбрион
массасы 9-10 г, ал дене ұзындығы – 5 см болады. Жүкті әйелдің әртүрлі
аурулары және залалды әдеттері, ұрықтың гендік және хромосомдық
ауытқулары, олардың өліміне немесе өздігінен түсік тастауына әкеледі.
Құрсақішілік
өмірдің жағымсыздығы, инфекциялық агенттердің (қызамық
вирусы, цитомегаловирусы, микоплазма және т. б.) әсері, ұрық тінінің
дифференциалдануын бұзуы мүмкін, сондықтан
туа бітетін ақаулар
қалыптасуын тудырады.
Эмбрионның және ұрықтың пайда болу уақытысы және қозғалыс
белсенділігінің сипаты бойынша мәлімет 1-2 кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: