104
Қанда конъюгацияланған билирубин көбеюінен туындаған нәрестенің
сарғаюын құрсақішілік инфекцияда, сепсисте, гепатитте, өт жолдарының
атрезиясы мен гипоплазиясында байқауға болады (мұнда сарғыштық
жасыл реңкті алады).
Қанда конъюгацияланбаған билирубин көбеюінен туындайтын
нәрестенің сарғаюын гемолитикалық ауруда, кейде шала туған балада
гипоальбуминемияда
(айқын
гипоксия
және
ацидоз
жағдайында
билирубин тасымалдануының бұзылысынан) байқауға болады.
Ересек балаларда сарғаю жиі вирустық гепатитте, айтарлықтай сирек
– туа біткен билирубин метаболизмінің бұзылысында (Криглер-Найяр,
Жильбер синдромдары) байқалады.
Сарғаю сондай-ақ кейбір зат алмасу бұзылыстарында: галактоземия,
фруктоза жақпағанда, тирозинемияда, муковисцидозда, α
1
-антитрипсин
жетімсіздігінде, гликогеноздарда, Гоше ауруында пайда болады.
Сары түске боялу каротин алмасуының бұзылысында, оның А
дәруменіне айналуы тежелгенде, немесе организмге тағам құрамымен
(сәбіз, цитрустар, асқабақ, жұмыртқа сарысы) каротиноидтер артық
мөлшерде түскенде пайда болуы мүмкін. Мұнда тек алақан мен табан
сарғаяды, көздің ақ қабығы мен сілемей қабаттар ешқашан боялмайды.
Цианоз
Цианоз – терінің және көзге көрінетін сілемей қабаттың көкшіл реңкі.
Шеткі қанда тотыққан Нв мөлшерінің көбеюінен пайда болады, оның түсі
тотықсызданған Нв түсімен салыстырғанда қоңырлау. Бұл симптом
эпидермисы жұқа, аз пигментті, дермасының капиллярлар торы жақсы
дамыған тері аймақтарында (тырнақ, ерін, құлақ сырғалығы, мұрын ұшы,
ауыз маңындағы сілемей қабаты) айқындалған.
Цианоздың үш түрін ажыратады: орталық, шеткі, жергілікті.
Достарыңызбен бөлісу: