96
Элемент түрі
Элемент сипаттамасы
Иллюстрациялар
Ойық жара
Эпидермис, дерма және жиі олардың астында жатқан тіндердің тұтастығы
бұзылатын терінің терең ақауы. Ойық жаралар әртүрлі патологиялық
үрдістер себебінен дамуы мүмкін: іріңді қабыну (терең пустулалар),
сондай-ақ өнімді, оның ішінде спецификалық қабыну.
Ойық жаралар лимфа- және қанайналымдары бұзылыстары, жарақат,
зақым, күйік, трофикалық бұзылыстар, инфекциялар, ыдыраған ісік кезінде
және т.б. пайда болады.
Сурет 5-15
. Ойық жара
Жарылу
Сызықты жарылуы түрінде терінің ақауы. Эпидермис деңгейінде беткейлі
жарылу және дерманың қабаттары деңгейіндегі терең жарылу болуы
мүмкін. Беткейлі жарылу із-түзсіз жазылады, ал терең ауырсынумен,
қансыраумен, жазылған соң тыртық қалумен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: