Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет68/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Тері пигментациясының 
бұзылысы 
Гиперпигментация
– теріде табиғи 
пигменттердің шамадан тыс қалыптасуынан 
немесе патологиялық бояушы заттардың 
жиналуынан туындайды. 
Пигментті («мең») дақтар балада туа 
біткен болуы мүмкін (сурет 5-25). 
Терінің қола түске боялуы алдымен 
дененің ашық бөліктерінде және үйкеленетін 
бөліктерінде (мысалы, табиғи қатпарлар)


Сурет 5-26. 
Ювенильді 
склеродермиямен ауыратын баладағы 
терідегі гипер-, гипопигментация 
ошақтары мен тері атрофиясы 
103 
орналасады, созылмалы бүйрек 
үсті жетікіліксіздігінде, безгекте 
және РР дәрумені жетіспегенде 
(пеллаграда) байқалады. 
Бала 
терісінің 
гиперпегментациясы күшәламен, 
күміспен 
немесе 
алтынмен 
уланғанда, сондай-ақ зат алмасуы 
бұзылғанда пайда болуы мүмкін: 
- темір (гемохроматоз); 
- гем порфириндері (тері 
порфириясы); 
- тирозин (алкаптонурия). 
Пигменттік 
дақтар 
инфекциялық экзантемаларда (мысалы, қызылшадан кейін), сондай-ақ 
пигментті есекжемінде (тері аймағын механикалық тітіркендіргенде 
күлдіреу пайда болады да, жазылғанда қоңыр дақ қалдырады) біраз уақыт 
сақталады. 
Гипо- және гиперпигментация ошақтары склеродермияға тән (сурет 5-
26). 
Гипопигментация
. Пигменттің мүлдем болмауы 
альбинизмге
тән 
(туа біткен аномалия). 
Әртүрлі пішінді және көлемді ақ дақтар түріндегі ошақты 
депигментация 
витилигоға
тән. Сонымен қатар, гипопигментация 
ошақтары марганецпен және сынаппен интоксикация кезінде, күйіктен соң 
және жазылған бөртпелер орнында пайда болуы мүмкін. 
Тері жамылғысының сарғыштығы 
Терінің және сілемей қабаттың сары түске боялуы қандағы билирубин 
концентрациясы 
көбейгенде 
билирубиннің 
тұнуымен 
негізделеді. 
Гипербилирубинемия бауыр паренхимасы зақымдалғанда, жалпы өт 
жолының обтурациясында немесе сырттан қысылуында, сондай-ақ 
эритроциттердің қарқынды гемолизінде пайда болады. Алдымен көздің ақ 
қабығы, жұмсақ таңдай және тіласты сарғаяды. 
Бұрын айтылғандай, физиологиялық сарғаю өмірінің 2-3 күнінде 
пайда болып, 7-10 күні жойылады. Сарғаюдың ертерек (өмірінің 1-2 күні)
пайда болуы немесе оның жойылуының ұзаққа созылуы патологияны 
куәландырады. 


104 
Қанда конъюгацияланған билирубин көбеюінен туындаған нәрестенің 
сарғаюын құрсақішілік инфекцияда, сепсисте, гепатитте, өт жолдарының 
атрезиясы мен гипоплазиясында байқауға болады (мұнда сарғыштық 
жасыл реңкті алады). 
Қанда конъюгацияланбаған билирубин көбеюінен туындайтын 
нәрестенің сарғаюын гемолитикалық ауруда, кейде шала туған балада 
гипоальбуминемияда 
(айқын 
гипоксия 
және 
ацидоз 
жағдайында 
билирубин тасымалдануының бұзылысынан) байқауға болады. 
Ересек балаларда сарғаю жиі вирустық гепатитте, айтарлықтай сирек 
– туа біткен билирубин метаболизмінің бұзылысында (Криглер-Найяр, 
Жильбер синдромдары) байқалады. 
Сарғаю сондай-ақ кейбір зат алмасу бұзылыстарында: галактоземия, 
фруктоза жақпағанда, тирозинемияда, муковисцидозда, α
1
-антитрипсин 
жетімсіздігінде, гликогеноздарда, Гоше ауруында пайда болады. 
Сары түске боялу каротин алмасуының бұзылысында, оның А 
дәруменіне айналуы тежелгенде, немесе организмге тағам құрамымен 
(сәбіз, цитрустар, асқабақ, жұмыртқа сарысы) каротиноидтер артық 
мөлшерде түскенде пайда болуы мүмкін. Мұнда тек алақан мен табан 
сарғаяды, көздің ақ қабығы мен сілемей қабаттар ешқашан боялмайды. 
Цианоз 
Цианоз – терінің және көзге көрінетін сілемей қабаттың көкшіл реңкі. 
Шеткі қанда тотыққан Нв мөлшерінің көбеюінен пайда болады, оның түсі 
тотықсызданған Нв түсімен салыстырғанда қоңырлау. Бұл симптом 
эпидермисы жұқа, аз пигментті, дермасының капиллярлар торы жақсы 
дамыған тері аймақтарында (тырнақ, ерін, құлақ сырғалығы, мұрын ұшы, 
ауыз маңындағы сілемей қабаты) айқындалған. 
Цианоздың үш түрін ажыратады: орталық, шеткі, жергілікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет