Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет63/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Трагедиялары


Шекспир шығармашылығының бірінші дәуірінде-ақ өз заманының келеңсіз жақтарын көріп, қолына қалам алған болатын. Драматург айналасын шырмап алған кемшіліктерге, озбырлықтарға сын көзбен қарап, адам тағдыры және оның арман-тілегі жайында тереңірек пікір жүргізуге ұмтылады. Шекспир комедияларына тән өмір қуанышынан ләззат алу оның трагедияларында да кездеседі. Бірақ оларда келеңсіз оқиғаларды бейнелеу, зұлымдық пен соқыр сенімді сынға алу негізгі мәселе болып қалады.
Трагедияларындағы көңілсіз оқиғаларды бейнелеуде жазушы өмірден түңілу сезіміне берілмейді, керісінше ол қайғы құрсауында да өмірге сенім туғызатын оптимистік, образды тәсілдерді табады. Бұл сол қоғамда жаңалықтың ескілік үстінен жеңіске жетуін көрсетуде айқын байқалады.
Шекспир шығармаларының І-дәуірінде жазылған трагедияларының бірі - «Ромео мен Джульетта» трагедиясы (1595 ). Трагедияда екі өзара дұшпан отбасында дүниеге келіп, ер жеткен және кездейсоқ бір- біріне ұшырасып, ғашық болған Ромео мен Джульеттаның аянышты тағдыры хикаяланады. Феодалдық қоғамның қайшылықтары олардың еркін махаббатына тұсау
болғаны айыпталады.
«Юлий Цезарь» (1599) трагедиясы сюжетінің материалы антик тарихшы Плутархтың «Қос өмірбаяндар» атты кітабынан алынып, онда осы дәуірдің ең маңызды саяси оқиғалары - ежелгі Римдегі республикашыла р(Брут, Кассий) мен монархия қолдаушылары – цезарьшілер (Антоний, Октавий) ортасындағы күрестер бейнеленген. Шығармадағы терең әлеуметтік пікірлер, жау топтардың арасындағы жанкешті конфликт, тарихи тұлғалар характерін жасаудағы шеберлік – бұл трагедияны Шекспир шығармашылығының ең үздік үлгілерінің бірі дәрежесіне көтерген.

Шекспир шығармашылығының екінші дәуірі


ХVІ ғасырдың аяқтарында Англиядағы шексіз биліктің дағдарысқа ұшырауы кездейсоқ жағдай емес еді. Өйткені, ол қоғам туғызған өндіріс қатынастарының бұдан соңғы дамуына кедергі болады. Король өкіметі мен парламент ортасындағы қарама- қарсылықтар өрши түседі. ХVІІ ғасырдың бастарында Елизаветаның билігі аяқталып, таққа Яков Стюарт отырған еді және феодалдық озбырлық күшейген уақытта, король мен буржуазия ортасындағы қайшылықтар мүлдем шиеленісе түседі. Бұл жылдары қарапайым бұқара халықтың, шаруалар мен қолөнершілердің жағдайы ауыр халде қалады.


Гуманистердің «қайғысыз бақытты өмір» туралы қиялдары капиталистік тәртіптер үстемдік ете бастаған кезеңде іске аспайтындығы, бұл бір елес екендігі мәлім болады. Ұлттық тарихи хроника жанры Шекспирдің жаңа дәуірге тән болған көзқарасын толығымен аша алмайтын еді. Соның үшін драматург күйреп бара жатқан феодалдық дүниенің дағдарысын көрсету және туып келе жатқан ақша билігі мен оның тойымсыз, жыртқыш табиғатты өкілдерінің шынайы образын жасауға қолайлырақ болған трагедия жанрына түгелімен ауысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет