333
Лафонтеннің алғашқы мысалдарындағы көріністерге тән
болған астарлы кекесін орнын 70-жылдардың аяғына қарай
нақты әлеуметтік сатиралық және реалистік көріністер иелейді.
Хайуандардың аллегориялық бейнесі орнына адам образы
пайда болады. Осы жылдары ақын король Людовик ХІV-нің
басқыншылық соғыстарын сынаған және бейбіт шығармашылық
еңбекті ардақтаған терең мазмұнды мысалдар («Дунайлық шаруа»,
«Саудагер, дворян, бақташы және шахзада») жазу арқылы халық
арасында үлкен даңққа бөленеді.
Лафонтен антикалық, орта ғасырлық және Қайта өрлеу
дәуіріндегі мысал жанрының дәстүрлерін терең игеріп, оларға
реалистік сипат пен сатиралық рух енгізеді, бұл жанрды жаңа
көркемдік сатыға көтереді. Оның мысалдары қарапайымдылығы
және өз дәуіріндегі саяси өмірді кең қамтуымен, еңбекші халықтың
мүдделерін батыл қорғауымен де өте құнды. Белинский И.Крыловтың
мысалдары туралы жазған еңбегінде, «мысал көркемдік бояуы,
өзіндік белгілері және характерлерімен кішігірім повесть яки драма
болуы тиіс», деп көрсеткен болатын. Шындығында да Лафонтен міне
осындай шығармалар жазып, ХVІІ ғасырдағы француз әдебиетін,
жалпы мысал жанрын дамытуға зор үлес қосты. Сондықтан да
Пушкин француз халқының рухани байлығын қорытындылаған
Лафонтенді ұлы мысалшы сипатында Крыловпен қатар қойды.
Достарыңызбен бөлісу: