341
болды» деген еді Гейне. Пушкин, Герцен және Белинский сарай
әсерінде туған шығармаларындағы рационалдық шектелгендік пен
қайшылықтарды көрсетумен бірге, Расиннің шығармаларына өте
жоғары баға берді. Белинский Расиннің «Авлидадағы Ифигения»
трагедиясын терең талдады. Пушкин Расин мен Шекспирдің әдеби
әдістерінінің ерекшеліктерін анықтаумен қатар оларды бір-біріне
жақындастыратын белгілердің де (халықшылдық пен гуманизм) бар
екендігін айтады.
«Андромаха», «Британик» және «Федра» сияқты ғажайып
трагедиялар жазған Расиннің әдеби мұрасы осы дәуірдің ірі
драмашылары Мольер мен Корнельдің әдеби мұралары қатарынан
өзінің тиісті орнын алды.
Достарыңызбен бөлісу: