Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет66/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

жағрапия деген сөздер де станция, Россия, география, товар, 
фабрика деп орысшасындағыдай дұрыс жазылатын болды”. 
Бұндай принциптің тілімізде бара-бара шетел терминдерінің 
шектен тыс көбеюіне әкелгені белгілі. 
Отызыншы жылдардың аяғында қазақ тіліне орыс сөздері 
мен орыс тілі арқылы халықаралық сөздердің көптеп кіруіне, 
әрине, жазуымыздың латын әліпбиінен кириллицаға көшуінің де 
ықпалы зор болды. Қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде 
оқытуға баса көңіл бөлінді. Ал орыс мектептерінде, керісінше, 
қазақ тілін міндетті оқытудан босату туралы №450 жарлық 
шығарылды (ҚРОМА 1137 қор, 1-тізімдеме, 346-іс, 159 п.). 
Өкімет тарапынан жүргізілген осындай орыстандыру 
саясатының салдарынан мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 
орыс тілі оқытылды. Бұл саясаттың неге әкеліп соқтырғаны 
баршамызға аян. 
Тіл дамуына теріс ықпалдың салдары қандай болды деген 
сауалға Б.Хасанов: “Казахский язык начиная с 40-хх гг. был 
ущемлен в развитии, ибо во время многочисленных миграций в 
годы индустриализации, коллективизации, эвакуации и освоения 
целины языковые запросы казахов не учитывались, забота о 
родном языке расценивалась как национализм – обвинение 
страшнее которого ничего не было для казахов в 30-е и 50-е гг. 
При этом чрезвычайно важно отметить, что главная причина 
сужения общественных функций казахского языка – условия 
многоязычия, при которых главный упор делается в основном на 
развитие средства межнационального общения – русского языка” 
- деген өте орынды тұжырым жасайды 
37

Шындығында, Тіл туралы тұңғыш декрет жиырмасыншы 
жылдардың басында қабылданып, онда қазақ тілі орыс тілімен 
қатар мемлекеттік тіл болып жарияланса да, заң, қағаз жүзінде 
қала беріп, тіл тағдыры созылмалы дағдарысқа душар болып, ана 
37
Хасанов Б. Языки народов Казахстана и их взаимодействие. Алматы, 
1971. –С.70-70. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


164 
тілімізден қол үзіп қала жаздардай дәрежеге жеттік. Өйткені 
қазақ тілі ресми тіл болу, ғылым тілі болу қызметінен айрылды. 
Оның бұндай қызметін, орнын орыс тілі басты. Қазақ тілі орыс 
тілінің көлеңкесінде қалды. 
Ғылым тілін жасау ісі 20-жылдарда басталғанымен, 
Академиялық 
орталық 
қазақ 
тілінде 
ғылыми 
тілді 
тұрақтандырды, жасап бітті деп сол кездің өзінде жазғанымен, 
шын мәнінде олай болмаған еді. 
30-жылдары проф. Қ.Жұбанов жасаған принциптер негізінде 
ғылым 
тілін 
тұрақтандыруға, 
дамытуға 
ат 
салысқан 
мемтерминком да, 40-50-жылдардағы мемтерминком да қазақ 
әдеби тілінің тұрақтанған, жүйелі ғылыми терминологиясын 
жасай алмады. 
Сонымен, төңкерістің алғашқы жылдарында көріне бастаған 
іс қағаздары стилі 40-50-жылдары қазақ тілінің іс жүргізу тілі 
болудан қалуының нәтижесінде қолданыста көрінуден біржола 
қалды. Өйткені әрбір тілдің өзінің өмір сүретін әлеуметтік-
демографиялық ортасы бар. Ол орта әлсіз болса, тілдің әрі қарай 
өмір сүруі неғайбіл. Кейбір жағдайларда екі тілдік орта қатар 
келсе, біреуі әлсірейді немесе жұтылып, мүлдем жоқ болып 
кетеді. Өткен тарихтан мұны дәлелдейтін мысалдарды көптеп 
келтіруге болады. 
Мәселен, 20-жылдары қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде 
міндетті түрде оқыту жұмысы қолға алынғанмен, республика 
халқының құрамында орыс тілді халықтың санының көбеюіне 
байланысты қазақ тілінің беделі бірте-бірте төмендей берді. 
Сталин өлгеннен соң, 1956 жылы өткен партияның XX 
сиезінен кейін ғана идеологиядағы тар құрсау сәл босаңсып, 
еркіндік нышаны байқалды. Алайда тіл білімі саласында осы 
жағдаймен байланысты тағы бір науқан – «Сталин оқуының» 
қателігін сынау науқаны басталды. Бұл жылдарда қазақ тілінің 
дамуы, оның әлеуметтік қызметін кеңейту туралы сөз болуы да 
мүмкін емес еді. Қайта осы жылдарда бұдан бұрынғы 1920-30 
жылдардағы оның мемлекеттік тіл (орыс тілімен қатар) ретінде 
жарияланып, қолданылу аясының біраз кеңіген, қызмет өрісінің 
артқан жағдайы біртіндеп кері кете бастады. Оған бірнеше 
объективті себептер болды. Біріншіден, соғыс жылдары 
Қазақстанға жау басып алған жерлерден және басқа 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


165 
республикалардан он мыңдаған адамды қоныстандыру, одан 
кейінгі тың және тыңайған жерді игеруге, одақтық маңызы бар ірі 
құрылыстарды салуға «комсомолдық шақыру» жарияланудың 
салдарынан орыс тілді тұрғындардың саны өлшеусіз көбейіп
республиканың демографиялық жағдайы түбірлі өзгеріске 
ұшырады. Жоғарыдағы себептермен сол кезеңде Қазақстанға 40 
миллион 500 мыңдай, негізінен орыс тілді адам қоныстанған 
екен, мұның өзі 1959 жылғы санақ бойынша барлығы 3 
миллионға 
жетер-жетпес 
жергілікті 
халыққа 
шаққанда, 
демографиялық ахуалдың қандай болғанын анық байқатса керек 
(Тәтімов М. Қазақ әлемі. Алматы, 1993. –Б.15,37). Екіншіден, 
үкіметтің 1960 жылдары ауыл шаруашылығында жүргізген ауыл-
селоны орталықтандыру саясаты да өзінің жағымсыз әсерін 
тигізді. Осы саясат салдарынан ауылдық жерлердегі көптеген 
бастауыш, жеті жылдық мектептер жабылып, олардағы оқушылар 
кеңшар, аудан орталықтарында ашылған мектеп-интернаттарға 
ауыстырылды, тіпті кейбірі орыс мектептеріне қосылып, аралас 
мектеп дегенді құрады. Кейін мұндай мектептер дәріптеліп, 
“болашақтың мектебі” ретінде насихатталып, оларға кең өріс 
ашылды. Ал бұл жағдайлар қазақ мектебі оқушыларының 
біртіндеп орыс тілді оқушылармен араласуына, кейбірінің орыс 
кластарына ауысуына, жалпы қазақ тілді ортаның азаюына әкеліп 
соқтырды. Аралас мектептерде өтетін шаралардың бәрі дерлік 
орыс тілінде жүргізілгендіктен, оқушылардың сабақтан тыс 
қатынас құралы орыс тіліне айналды. Үшіншіден, сол кездегі 
үкімет басшыларының сөздерінде коммунизм тым жақын 
қалғандай 
суреттелініп, 
ал 
коммунизмде 
ұлттық 
айырмашылықтар жойылып, барлық кеңес халқы бір қоғамдық 
бірлестік – совет халқы дегенді құрайды, олар бір тілде сөйлейтін 
болса, коммунизмге тезірек жетеміз деген сияқты насихат жиі 
айтылатын. О бастан көсем сөзін пайғамбар сөзіндей 
қабылдайтын ұрпақ ол насихатқа шын сенді де. Сондықтан 
көптеген 
қалалық 
жердегі 
отбасылар, 
қала, 
ауыл 
интеллигенцияның бір тобы қазақ тілінің болашағынан түңіліп, 
өз балаларын қазақ мектебінен алып, орыс мектептеріне бере 
бастады. Сөйтіп, қалалық жердегі қазақ мектептерінің 
толымдылығы азайып, олар өз-өзінен жойылып жатты, ал 
балабақшалар мен бөбекханалар (яслилер) түгелімен орыс тілінде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


166 
жұмыс істейтін. Б.Хасановтың деректері бойынша, тек 1974 
жылдың өзінде ғана 679 бастауыш, 128 сегізжылдық қазақ 
мектебі қысқарып, олар орта мектептерге қосылды. 
Аудандардың іріленуі, өлкелердің құрылуымен байланысты
қазақ тіліндегі газет-журналдардың саны да қысқаруға ұшырады. 
Мәселен, 1930 жылдардың аяғында қазақша 193 газет шығып 
тұрған болса, 1974 жылы оның саны 148-ге дейін азайған. 
Бұлардың бәрі ұлттық әдеби тіліміздің жан-жақты, еркін 
дамуына жасалған жасанды кедергілер еді. Бұл жағдайлар қазақ 
тілінің әлеуметтік қызмет аясына бұрынғыдан да тарылта түсті.
Бақылау сұрақтары: 
1.ХХ ғасырдың 40-50-жылдарындағы тіл саясаты 
2. Терминжасамдағы ұстанған принциптер
Реферет тақырыбы: 
1. М.Әуезов және қазақ әдеби тілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет