Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет63/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы әдеби тілдің нормалану үдерісін 
түсіндіріңіз. 
2. Қандай функционалдық стильдер сараланды? 
3. А.Байтұрсынов терминжасамда қандай принциптерді ұстанды? 
Реферет тақырыбы: 
1. ХХ ғ. басындағы әдеби тілдің стильдік тармақтарын 
қалыптастырудағы қазақ зиялылары еңбектерінің орны
2. А.Байтұрсынов – филология терминдерінің негізін қалаушы 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


157 
ҮІІ. 1940-50 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ 
 
§ 1. 40-жылдардағы тіл саясаты 
 
1941-45 жылдардағы фашистік Германия бастаған соғыс ел 
өміріне үлкен өзгерістер әкелген, халықты бір ғана мақсатқа – 
жауды тезірек жеңу мақсатына еселі еңбек етуге жұмылдырған 
кезең болды. Соғыс майданында кеңес жауынгерлері өршеленген 
жаумен аянбай қарсы шайқасып жатқанда ел еңбеккерлері сол 
соғысқа қажетті нәрселердің барлығын өндіріп, майдан қажетін 
қамтамасыз етіп жатты.
40-жылдары 
соғыс-шаруашылық 
жоспарына 
сәйкес 
республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге 
асырылды. Жаңа кәсіпорындардың, Қарағанды шахталарының, 
Жезді, Қоңырат, Найзатас, т.б. айыру заводтарының, Текелі және 
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылысы жедел 
қарқынмен жүргізілді. 
Соғыс жылдары (1941-45) майданға жақын өңірлерге 
Қазақстандағы 
көптеген 
өнеркәсіп 
орындары 
көшіріліп 
орналастырылды.
Сонымен қатар баспасөз беттерінде келтірілген деректерге 
қарағанда, көшіріліп әкелінген жиырмадан аса әскери оқу орны 
соғыс жылдары аз уақыт ішінде 16 мың офицер дайындап 
шығарған. 
Республикаға 
жеңіл 
және 
тоқыма 
өнеркәсібінің 
кәсіпорындары көшіріліп орналастырылды. Республика бірқатар 
аяқ киім фабрикаларын қабылдады. 
Кеңес үкіметі өмір сүрген жылдарда экономика болсын, 
мәдениет, әдебиет, ғылым болсын, қысқасы өмірдің барлық 
саласы науқандық ұранмен, партияның кезекті сиезінің не оның 
Орталық Комитетінің Пленумдарының қаулысын жүзеге асыруға 
бағытталып, соған бағындырылып жүргізіліп келгені мәлім. 
Соғыстан кейінгі жылдар халық шаруашылығын қалпына 
келтіру бесжылдықтары болып жарияланып, бүкіл халық тұралап 
қалған өндіріс пен ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызуға 
жұмылдырылды. Халықтың рухани өмірі де осы мақсатқа 
бағындырылды. Бұл жылдары мәдениет пен ғылым, әсіресе 
қоғамдық ғылымдар, партияның дүркін-дүркін қабылдаған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


158 
қаулы-қарарларының әсеріне ұшырады. Биология ғылымындағы 
вейсманизм-морганизм (1948-1949), ғылым мен өнердегі 
космополитизм 
(1949-1950), 
мәдениет 
пен 
әдебиеттегі 
ұлтшылдық (1951-1952) сияқты науқандар бірінен соң бірі 
үзіліссіз жүріп жатты. Орталық Комитеттің 1946 жылғы “Звезда” 
және “Ленинград” журналдары туралы, “Үлкен өмір” 
кинофильмі, Мураделидің “Ұлы достық” операсы туралы 
қаулылары әдебиет пен өнердің дамуына зор зиянын тигізді. Бұл 
қаулылардың Қазақстандағы жаңғырығы күшті болды. Бұның 
басы – 1947 жылы қабылданған Қазақстан Орталық Комитетінің 
“Қазақ ССР ҒА-ның Тіл мен әдебиет институтының 
жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы” қаулысы еді. 
Аталған қаулылардың қазақ тілін, қала берді, әдебиеттану, қазақ 
тіл білімін дамытуға тигізген зиянды әсері күшті болды. Тіл 
білімі оның үстіне “И.В.Сталиннің жаңа оқуы” деген науқанға 
килікті. Тіл білімінде орын алған марpизмге қарсы күрес 
желеуімен тілші ғалымдар бұрынғы кейбір зерттеу еңбектерінен 
бас тартуға, тіпті кейбірін маңсұқ етуге мәжбүр болды. Сталиннің 
“Марксизм және тіл білімі мәселелері” атты кітапшасы тіл 
біліміндегі жаңа, соңғы сөз ретінде жарияланып, енді сондағы 
қорытындылар ғана басшылыққа алынуға тиіс болды.
Соғыстан қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру
ірі өндіріс орындарын салумен байланысты республикаға жер-
жерден жұмыс күші көптеп келе бастады. Жұмысшылардың 
қатарына мыңдаған кенші, құрылысшы, монтажшы, машина 
жасаушы, тоқымашы т.б. өнеркәсіп қызметкерлері келіп 
қосылды. Міне, осы жоғарыда айтылған жағдайлар, қоғамда 
болып жатқан өзгерістер тілдің сөздік құрамына өз әсерін 
тигізбей қоймады.
Соғыс жылдары немесе одан кейінгі он-он бес жылдар 
көлемінде әдеби тілдің қызмет өрісінің кеңеюі, оның 
мәдениетінің өсуі, грамматикалық құрылысының жетіліп, емле
ережелерінің орнығуы туралы сөз болуы мүмкін емес еді. 
Керісінше, бұл жылдары, жоғарыда көрсетілгендей, экономика 
мен демографияда болған өзгерістер нәтижесінде әдеби тіліміздің 
қолданылу аясы тарылып, лексикамыздың өндіріс және соғыс 
тақырыбына байланысты жаңа сөздермен, жаңа ұғымдармен, 
терминдермен толығуы туралы сөз етуге болады. Мәселен, әр 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


159 
түрлі өнеркәсіп орындарының көшіп келуіне байланысты
мамандық иелерінің аттары, түрлі ғылыми-техникалық атаулар 
(көбі орыс тілінен сол қалпында алынды), жұмысшы, еңбекші 
және колхозшылардың патриоттық қозғалыстарына байланысты 
жаңа атаулар, тың сөз тіркестері, жаңа ұрандар т.б. пайда болды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет