182
сөздерден, жиналыс-мәжілістерде жасалған баяндамаларда,
сондай-ақ ғылыми әдебиет үлгілерінен де газет-журнал тіліне тән
сөздер мен тіркестер, құрылымдар ұшырасып отырады.
Қазіргі қазақ әдеби тілі лексикалық құрамының даму
бағытында айрықша аңғарылып отырған сипаттардың бірі –
сөздік
құрамды байытуды, ең алдымен тілдің өз потенциялдық
мүмкіндігін барынша, жан-жақты пайдалану. Басқаша айтқанда,
қазақ әдеби тілі дамуы мен қалыптасуының белгілі бір
кезеңдерінде орыс тілінен түпнұсқа қалпын бұзбай сөз қабылдау
басты тенденция болса, тіл эволюциясының 60-80 жылдардағы
күйінде, негізінен,
жаңа ұғым, түсінік, зат, құрал-жабдық
атауларын қазақ тілінің өз ресурстары (сөз семантикасын
жаңғырту, сөз тудырушы формалар арқылы жаңа сөз жасау,
сөздерді біріктіру және тіркестіру) арқылы беру және орнықтыру
бағдары басым болды.
Бұл үдеріс, ең алдымен, публицистикалық стильде айқын
көрінді, осы салада әсіресе,
қоғамдық-саяси, ғылыми-техникалық
терминдер мен терминдік сөз тіркестерінің мағыналық
дефинициясы айқын қазақша баламаларын табу, қалыптастыру
бірізді сипатқа түсе бастады.
Қазақ тілінің сөздік қорын байытатын тың сөз жасау
тәжірибесі де осы кезде кеңейді. Мысалы, аудармашы
І.Жарылғапов енгізген
аялдамада (остановка), балмұздақ
(мороженое), көрермен (зритель), жағажай (пляж), басылым
(издание) тәрізді бірқатар сөз тіл қазынасына мерзімді баспасөз
арқылы қосылды. Сол секілді журналист Ә. Сатыбалдиев енгізген
жемшөп (корм), қондырғы (установка), тілші ғалым С. Нұрханов
есімхана (персонолия), сөзтізбе (словник), қабылхана (приемная)
сияқты сөздер де жаңа сөз тудыру заңдылықтарымен үйлесім
тапты. Соңғы жылдары әдеби тілімізден берік орын алып, белгілі
қажеттілікті өтеп жүрген тілдік құбылыстардың көбі-ақ әуел
баста мерзімді баспасөз тілінде қолданыла бастап, кейін
қолданылуы тұрақталып,
нормаланып барып, әдеби тілге еніп
отырды. Мысалы:
айлық, сенбілік, басылым, үйірме, төреші,
Достарыңызбен бөлісу: