главинженер Егеров және....)... конференция қаулыларынан,
...облыстық комитеттің нұсқауларынан... тиісті қорытынды
жасамаған. ... Атақты трактористка, ССРС Жоғарғы Советінің
депутаты, трактористкалар арасында стахановтық қозғалысты
бастаушы Паша Ангелинаның есімі бүкіл елімізге мәлім.
...Украинаның
түрлі
қаласында
революцияның
ұлы
қайраткерлеріне, халық геройларына, ғылым мен искусствоның
қайраткерлеріне ескерткіштер қойылды (СҚ., 1941, 21 июнь).
§ 2. Терминжасам мәселесі
40-жылдары, әсіресе соғыс жылдарында, тек Қазақстанда
ғана емес, барлық Одақтық республикаларда орталықтан
жүргізілген тіл саясатының ықпалымен орыс тілінің және орыс
тілі арқылы халықаралық тілдердің сөздері молынан кірді.
Бұларға көбінесе саяси-қоғамдық терминдер, соғыс-техникалық,
әскери атақ-дәрежеге байланысты термин сөздер жатады. Соғыс
жылдары тіл мәдениетіне көңіл бөлуге әрі жағдайдың, әрі
уақыттың болмауы бір жағынан, түсінікті де еді.
35
Әуезов М, Қазақтың әдеби тілі туралы // Әдебиет және искусство,
1954, №4.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
162
40-жылдары көптеген терминдердің баламасы бола тұра
аударылмай алынғаны жайлы қазақ әдеби тілінің «Ескі сөздік
қор өз заманында жеткілікті, толық болғанмен, қазіргі жаңа
ұғымдарды атауға сапа жағынан да, сан жағынан да жеткіліксіз
болды, шахта, театр, актер, режиссер, депутат, инженер,
роман, пьеса, кафедра, мотор, диалектика, логика, эстетика,
проекция, оптика, хлор, академия т.б. сөздерге қазақ тілінің
сөздік қорында сай келетін сөз жоқ, сондықтан оларды сол
қалпымен алу керек» -деген қорытынды жасайды
36
.
Егер соғыс жылдары план, продукция, союз, бүкілсоюздық,
герой, склад, агитатор, агитация болып алынса, 40-шы
жылдардың аяғында бұлар жоспар, өнім, одақ, бүкілодақтық,
батыр, қойма, үгітші, үгіт болып қазақша аударылып
қолданылатын болды.
40-шы жылдары тіліміздегі - лық//-лік, -шыл//-шіл, -шылық//-
шілік, -шы//-ші жұрнақтарының сөз жасауда актив қолданылғаны
байқалады: жауынгерлік, панфиловшы, стахановшы, бердиевші,
саясаттық, гитлершіл, бүкілсоюздық, ерлік, табандылық,
батырлық, құмырашы-инженер, әйнекші-инженер, қызметші,
қарсылық (көрсету), қой өсіруші, жауапкершілік, айуандық,
сүйіспеншілік, мемлекеттік т.б.
Сонымен бірге орыс тілінің –щик, -чик, -ель, -ый т.б
суффикстері арқылы кәсіп иесі, мамандықтың атауын білдіретін
сөздер сол қалпында алынып қолданылған: машинистка,
стенографистка, печатник, тракторист, танкист, летчик,
бомбардировщик, истребитель, комбайнер, штурвальный,
секретарь т.б.
40-жылдары терминдердің жазылуы қандай принципке
сүйенгеніне келетін болсақ, негізгі принцип – терминдердің
орысша жазылуын сақтау, сонда олар кейде айтылуы әр түрлі
болғанымен, жазылуы орыс графикасына негізделген жаңа әліпби
бойынша, орысша қалай жазылатын болса, қазақша да солай
жазылды.
Не себептен бұндай принципті ұстанғандық жөнінде
М. Балақаев кезінде былай деп жазды: “Солай жазудағы
36
Сауранбаев Н. Қазақ әдеби тілі және оның терминологиясын жасау //
СҚ., 1941, 30 май.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
163
мақсаттың бірі – термин сөздердің тұрқын бұзбау болса,
екінішіден, бір сөзді әркім әр түрлі жазбай, бір түрлі жазып,
олардың емлесін оңайлату еді. ... бұрыннан өзгертіліп айтылып,
өзгертіліп жазылып жүрген станса, Ресей, фабрик, тауар,
Достарыңызбен бөлісу: |