Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет28/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   167
ЗИЯНДЫ   ӘДЕТТЕРМ ЕН  КҮРЕС
Біздің  елімізде  зиянды  әдеттердің  ішінде  адам  денсаулығына  ауыр  зиян 
келтіретін  темекі  мен  ішімдік  болып  табылады.  Темекі  шегу  ол  —  қоғамның 
медициналық,  моральдық,  әлеуметтік ж әне  экономикалық  негізгі  мәселесі 
болып табылады.  Темекі шегушілердің әсерінен болатын қайғылы жағдайлар, 
өрттің  шығуы  ж әне жұмыс  уақытын  жоғалту  тәрізді  зияндылықтар  белгілі. 
Темекі  тартумен  күрес  —  бұл денсаулық үшін,  халық жасының  ұзаруы  үшін, 
тұрмыс  жағдайын  жақсарту үшін,  өндірісте ж әне  тұрмыста  микроклиматты 
жақсарту үшін күрес  болып табылады.
Темекі тартудың негізінде темекі түтінінде болатын улы заттарға психикалық 
және  физикалық тәуелділік түзілуімен  жүретін  токсикомания жатыр.  Темекі 
шартты  рефлекс  түрінде  бекіп,  ритуалға  айналады.  Алғашқыда  қалыптасқан 
әдет  метаболикалық  механизмдер  арқылы  бекіп,  нәтижесінде  организмнің 
никотинге  мұқтаждығы  біртіндеп  дамиды.  Табакоманияның  бірінші  сатысы 
1 -5   жылға  созылады,  темекіге  обсессивті  әуестік тән,  қолданылған  никотин 
мөлшерін  бақылау төмендеп,  толеранттылық жоғарылайды.  Екінші  сатысы


Зиянды  әдеттермен  күрес
57
5 -15  жылға  созылады.  Адамның  никотинге  толеранттылығы  жоғарылайды, 
қолдану  формасы  тұрақталады,  обсессивті  әуестік  кезеңдік  психикалық 
жайлылық сезімін алумен толықтырылып отырады. Астениялық, вазовегетативті 
бұзылыстар,  соматикалық  қолайсыз  көріністер  пайда  болады.  Үшінші  саты- 
сында бірінші орынға соматикалық бұзылыстар шығады:  бронхиттер, гастрит- 
тер, артериялық гипертензия, қатерлі ісік аурулары. Егер адам темекі тартпаса, 
абстиненция  белгілері  пайда  болады;  адамның  никотинге  толеранттылығы 
төмендейді.
Темекі тарту әсерінен  қоршаған  ортадағы  адамдар да  зиян  шегеді.  Темекі 
түтінінде никотиннен басқа улы газ,  синиль қышқылы, аммиак, радиоактивті 
және шайыр заттары  бар.  Темекімен  қатты уланғанда,  терінің  бозаруы,  суық 
тер,  тахикардия,  ентігу,  құлақтағы  шуыл,  құсу,  асқазан-іш ек  жүйесінің 
бұзылыстары, тоникалық-клоникалық құрысулар, қорқыныш сезімі, сананың 
бұзылулары  бақыланады.  Бұл  симптомдар  темекі  тартылған  мекемеде темекі 
шегуді бастаған адамдар мен темекі шекпейтін адамдарда да пайда болуы мүмкін.
Темекі  түтіні  ауыздың  кілегей  қабатына,  тыныс  алу жолдарының  кілегей 
қабатына тітіркендіргіш әсер етеді,  созылмалы улану кезінде ринит, стоматит, 
ларингит, бронхит дамиды. Темекі түтінінің шайырлы заты канцерогенді болып 
табылады, ол өкпенің,  басқа да органдардың қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады. 
Темекі  жүрек  бұлшықетін  қоректендіретін  қан  тамырларын  тарылтып,  қы- 
сымның жоғарылауына әкеледі, нәтижесінде эндоартериит, коронаросклероз, 
миокард  инфаркті,  жалпы және церебральды  атеросклероз,  инсульт дамиды. 
Сонымен  бірге,  темекі гастритке,  асқазан ойық жара ауруына,  ұлтабар  (12 елі 
ішек) ойық жара ауруына әкеледі.  Созылмалы интоксикация әйелдердің бала 
туу қызметінің  бұзылуына,  етеккір  циклінің  бұзылуына,  жүктіліктің  үзілуіне, 
эндокриндік өзгерістерге,  ерте климакс дамуына әкеледі.
Темекінің ағзаға тигізетін зияны аса жоғары болғандықтан,  бұл мәселемен 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  айналысады.  29-шы  Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ассамблеясы темекімен күресу мәселелері бойынша арнайы 
резолюция қабылдады.  Медициналық қоғам талабына сәйкес көптеген елдер- 
де темекі заттарын сатуда «Темекі сіздің денсаулығыңызға зиян келтіреді» деген 
ақпарат  беру  қолданылады.  Біздің  елде  темекімен  күрес  денсаулық  сақтау 
жүйесінің профилактикалық жұмысының құрамдас  бөлігі болып табылады.
Радиода,  теледидарларда,  киноларда және  баспа  орындарында  никотинге 
қарсы үгіт жүргізіледі. Темекі тарту әдетінен құт^ілғысы келгендер үшін ақысыз 
медициналық мамандандырылған көмек көрсетіледі.
Темекі токсикоманияның  бір түрі ретінде психогигиена  мен психипрофи- 
лактика  тұрғысынан  қарастырылуы  керек.  Психогигиена және  психипрофи- 
лактика  өте  зиянды  әдет  —  маскүнемдікке  қатысты  белсенді жұмыс  жүргізуі 
керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет