Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


ПСИХИКАЛЫҚ  БҰЗЫ ЛЫ СТАРҒА ҰШЫРАУ



Pdf көрінісі
бет30/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ПСИХИКАЛЫҚ  БҰЗЫ ЛЫ СТАРҒА ҰШЫРАУ 
ҚАУПІ  ЖОҒАРЫ  ТҰРҒЫНДАР ТОБЫ
Біріншілік психопрофилактика шараларын жоспарлау және жүргізу кезінде 
сау тұрғындардың  арасынан  психикалық  бұзылыстарға  байланысты  жоғары 
қаупі  бар  контингенттерді  бөліп  алу  керек.  Бұл  жұмысты  жүргізу  үшін 
психикалық  бұзылыстардың  пайда  болу  себебін,  аурудың  даму  механизмін 
түсініп, психопатологиялық симптомдардың қалыптасуын білу керек.  Отандық 
психиатрия психикалық бұзылыстардың шығу тегінде шешуші мәнді адам өмір 
сүретін және қызмет ететін,  адамның жеке  басына,  оның  организміне оң не­
месе  теріс  әсер  ететін  қоршаған  орта  әсеріне  береді.  Сондықтан  психопро- 
филактикалық  қызмет  —  психикалық  сфераға  ж әне  ОЖ Ж -ға  әсер  ететін 
зияндылықтармен күресу болып табылады.
Негізгі  назарда  өндірістік  жағдайда  болатын  зияндылықтар  тұрады. 
Физикалық, химиялық,  биологиялық және психологиялық сипаттағы шектен 
тыс жүктемемен жұмыс істейтін адамның осындай кәсіби жұмысқа қатысы жоқ 
адамға  қарағанда,  дертке  шалдығу  қаупі  өте жоғары  болады.  Осы  жағдайда 
психикалық  бұзылыстардың  пайда  болу  қаупі  жоғары  контингентке  жайсыз 
жағдайларда адамның психикалық сферасына зиянын тигізетін өндірісте қызмет 
ететін адамдарды жатқызуға  болады.
Соматикалық  қолайсыз  жағдайлар  ми  қызметіне  теріс  әсер  етеді,  оны 
әлсіретіп, бүкіл организм фукцияларын біріктіретін және үйлестіретін қызметін 
бұзады.  Церебральды  жетіспеушіліктің  белгілеріне жалпы  соматикалық  не- 
месе инфекциялық аурулардың симптомы болып табылатын психикалық фе- 
номендер  жатады.  Сонымен  қатар,  соматикалық  ауырлық жағдайларында 
психикалық аурулардың — эндогенді, психогенді және басқа аурулардың дамуы 
жеңілдейді.  Ауыр  түрдегі  соматикалық дертке  шалдыққандар  психикалық 
бұзылыстар пайда болу қаупі жоғары топқа жатады.
Психика дамуы кезеңінде психикалық процестер әлі толық жетілмегендіктен 
өте  н әзік   болып  саналады.  П сихикалы қ  қы зметке  қажет  материалдық 
субстраттың дамуы  ми дамуы және оның  әрі  қарай ұрықта  сараланумен  бай- 
ланысты ана құрсағында жатқанда басталады. Ана организмінің ішкі ортасының 
кез келген  бұзылысы ұрыққа қауіпті  болып саналады,  ол аномалияның пайда 
болуына  немесе  оның  есейгенде  пайда  болуына  соқтыруы  мүмкін.  Босану 
механизмінің өзі нәресте өміріне қауіпті, босану кезінде нәресте миы асфиксияға 
ұшырауы  және жарақат  алуы  мүмкін,  ал  бұл  нәрестенің  алдағы  психикалық 
дамуына әсер етеді. Психопрофилактиканың ең маңызды құрамы жасөспірімдер 
мен  балалардың  физиологиялы қ  ж әне  психикалық  дамуын  жүйелі  түрде


60
V Тарау.  Психопрофилактика
бақылау,  бала  мен ананың  қажеттіліктерін толығымен  қамтамасыз ету  болып 
табылады.
Психикалық бұзылыстардың пайда болу қаупі жоғары контингентке үлкен 
жастағы адамдарды да қосуға болады. Психопрофилактика жүйесін құрастырған 
кезде көрініс берген айқын психикалық патологияны қарттыққа тән деп айтуға 
болмайды.
Алкоголизация тұрғындар арасында жүйкелік-психикалық аурулар кездесуін 
жоғарылатады.  Алкоголизм  спецификалы қ  алкогольді  психоздарға  әкеліп 
соқтырады,  басқа аурулардың психопатологиялық симптоматикасын туында- 
тады және ауырлатады, тұлға деградациясына ұшыратады, әлеуметтік бейімделуді 
бұзады.  Ата-ана  алкоголизациясы  физикалық ж әне  психикалық  толымсыз 
балалардың дүниеге келуіне әкеліп соғады.  Осылайша, маскүнемдік жүйкелік- 
психикалық  аурулардың  қаупін  жоғарылатады,  сондықтан  психопрофилак- 
тиканың бірден-бір міндеті — маскүнемдікпен және зиянды әдеттермен күрес 
болып табылады.
Психикалық дертке шалдығу қаупінің мүмкіндігі шизофрения, маниакальды- 
депрессивті психоз ж әне басқа да тұқым қуалайтын аурулармен тұқым қуалау 
ауырлығы  бар  адамдарда  жоғары.  Тұрмыс  пен  еңбекті  сауықтырумен  қатар, 
эндогенді ауруларға әкелетін экзогенді факторларды жою, медико-генетикалық 
консультацияларды  кеңейту,  адамдардың  тұрмыс  құру ж әне  нәрестелі  болу 
мәселелеріне дұрыс  көзқарасты бекіту қажет.
Жоғарыда айтылған психикалық бұзылыстар пайда болу қаупі жоғары топ- 
тарды біле отырып, бізге психопрофилактиканың бірінші кезектегі міндеттерін 
қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет