Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР АҒЫМЫ  ЖӘНЕ  НӘТИЖЕСІ



Pdf көрінісі
бет42/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   167
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР АҒЫМЫ  ЖӘНЕ  НӘТИЖЕСІ
Зиянды факторлар күрт,  массивті әсер еткенде ауру жедел басталады.  Осы­
лайша, көптеген экзогенді психоздар, рекуррентті шизофрения,  маниакальды 
депрессиялық психоздың ұстамалары, эпилепсиялық психоз басталады. Жедел 
экзогенді психоз кезінде кеше ғана өзін дұрыс ұстап, жұмыс істеп жүрген науқас 
бүгін сандырақ идеялар айтып, санасының шатасқанына шағымданып, қоғамға 
қауіп  төндіретін  әрекеттер  жасайды.  Ал  кейбір  жағдайларда  психикалық 
денсаулық пен дертті жағдай арасындағы шекара анық емес болатыны соншалық, 
аурудың  басталуын  анықтауда  бірнеше жылдарға дейін  жаңылысуға  болады. 
Дерттің  мұндай  бастамасы  созылмалы  ағымдағы  психикалық  ауруларға  тән. 
Кей кездерде жедел басталған психикалық ауру созылмалы түрге ауысуы мүмкін, 
ал  керісінше,  дерті  жай  біртіндеп  басталып,  күрт  өршуге  ауысып,  артынан 
тұрақты ремиссияға көшіп, адам әлеуметтік пайдалы қызметке оралуы мүмкін. 
Сонымен қатар, аурудың жедел бастамасы деп түсінгеніміз зейін қойып, дұрыс 
тексергенде  кейде  ерте  сатыда  анықталмаған  психоз  манифестациясы  болып 
шығады.
Психикалық аурулар ағымының мынадай негізгі кезеңдері бар:
1) продромальды (инициальды)  — ерте симптомдар кезеңі;
2) манифестті — психопатологиялық синдромдардың максималды ашылған 
және күрделенген кезеңі;
3) кері даму кезеңі — дертті үрдіс  белсенділігінің басылуы және симптома­
тика редукциясы.
Кейбір  авторлар  продромальды  кезеңде  ең  алғашқы  ізашар  кезеңді  бөліп 
айтады,  бұл уақытта ұзақ мерзімдік қауіпсіз күйлермен ауысып тұратын қысқа 
уақытқа  церебральды  жетіспеушіліктің  полиморфты  белгілері  пайда  болады. 
Сиптоматиканың  эпизодтылығы  мен  дискреттілігі  ағзаның  аурумен  күресу 
жолындағы қорғаныш күші болып табылады, дертті аластатуға тенденция бол­
са,  оның  болжамы жайлы  болып  табылады.  Осы  кезеңді  кейде латентті деп, 
яғни  көзге  көрінбейтін  ауру  белгілерін  белгілеуде  қолданады,  ауру үрдісінің 
белсенді сатысына ауысу кезеңінде анықталады. Манифестация және аурудың 
кері  дамуы  кезеңінде  барлы қ  клиникалы қ  ерекшеліктері,  ауру  ағымы, 
патологиялық  үрдістің  қатерлілік дәрежесі,  аяқталу  тенденциясы  анықтала 
түседі.
П сихикалық  аурулар  ағымының  сипатына  қарай  прогредиентті  ж әне 
прогредиентті  емес  деп  бөлінеді.  Прогредиентті дегеніміз  —  ауру  көрінісінің 
ауырлауымен  үдемелі  нашарлау жағдайын  түсінеміз,  нәтижесінде  әлеуметтік 
дезадаптацияға,  науқастың  тұрақты  мүгедектігіне  әкеліп  соқтыратын  ағым. 
Прогредиентті ауруларға ақыл кемдігіне алып келетін бас миының органикалық


88
VI  Тарау.  Психикалық аурулар жѳніндегі  жалпы  мәліметтер
аурулары,  психопатологиялық  өнімнің  ауырлауымен  ғана  емес,  психикалық 
ақаудың тереңдеуімен, интеллектуалды, эмоциялық және еріктік функциялардың 
жоғалуымен жүретін маскүнемдік,  нашақорлық,  эпилепсия,  шизофрения жа- 
тады.  Қайсы  бір  нозологиялық  формаға  тәнділік  патологиялық  үрдістің 
прогредиенттілігін толығынан ашпайды. Бір ауру шеңберінде прогредиенттілік 
дәрежесі  әр  түрлі  формалар  мен  жеке  жағдайлар  кездеседі.  Осылайша,  аз 
прогредиенттіге рекуррентті шизофрения,  баяу ағымды (көбіне невроз тәрізді) 
шизофренияны,  ал дөрекі  прогредиенттіге  қатерлі  жасөспірімдік  формасын 
жатқызамыз.  Бір  ауру  ағымының  әр  сатысында  прогредиенттілік дәрежесі 
өзгеріп отырады.
Ауру ағымы үздіксіз немесе ұстама тәрізді өтеді. Ауру үздіксіз ағымда өткенде 
психопатологиялық  симптоматика  өрш іп,  әлсіреп  тұрады,  бірақ  дертті 
бұзылыстар  толық жоғалмайды.  Үстама  тәрізді  ағымда  ауру  белгілері  әртүрлі 
айқынды лы қ  пен  ұзақтықтағы  аш ы қ  аралықтармен  үзіліп  тұрады.  Аш ық 
аралықтар кейде толық саулық жағдайына ұқсас болады.  Мұндай аралықтарды 
интермиссия (сауығу) деп атасақ, ал ауру ағымын интермиссиялы немесе цир- 
кулярлы деп атаймыз.
Мұндай ағымда кезеңдік шизофрения және маниакальды-депрессивті пси­
хоз  өтеді.  Интермиссия  кейде  жылдарға  созылады,  жылына  бір-екі  ұстама 
болып,  науқастың  қалған  өмірінің  барлығы  интермиссия  болуы  мүмкін. 
Психоздың циркулярлы дамуы кезіндегі ұстамаларды фаза деп атайды. Үстама 
тәрізді ағымның ремиттирлеуші ағымы түрінде дертті жағдай толық жоғалмайды, 
ұстама аралық кезеңдерде ремиссияда психопатологиялық өнімнің «ұшқындары» 
қалады;  сонымен  қатар,  әр  ұстамадан  кейін  күшейіп  тұратын  дефицитарлы 
симптоматика  бақыланады.
Жедел экзогенді  психоз  (аққызба)  ағымына қарай транзиторлы  болып та­
былады, яғни, жеке психозды эпизодпен көрінетін өткінші сипатта болады.
Психоздың  нәтижесі  толық  немесе  толық  емес  айығу  бола  алады.Толық 
емес айығу психикалық кемшілік дамығанын білдіреді, психикалық қызметтің 
аса  зорығуымен  (тұрақты  астенизация),  психопатизациямен,  энергетикалық 
потенциалдың төмендеуімен көрінеді,  ол өз кезегінде әлеуметтік бейімделуді 
бұзады.  Белсенді патологиялық үрдістің басылуымен прогредиентті ағымдағы 
аурулар  органикалық,  эпилепсиялық және  ш изофрениялық  ақыл  кемдігіне 
әкеліп соқтырады. Психикалық ауру нәтижесіндегі өлім — өте сирек кездесетін 
құбылыс (АҚШ, Англия, Франция және т.б.). Психикалық аурулар нәтижесіндегі 
өлім басқа себептер нәтижесіндегі өлімдер ішінде 0,03 пайыздан 0,05 пайызға 
дейін орын алады.  Күрт қозу және сана күңгірттенуімен жүретін ақ қызба және 
басқа жедел экзогенді психоз нәтижесі өлімге соқтыруы  мүмкін  (өлімге алып 
келетін  кататония);  гипертоксикалы қ  ш изоф рениям ен,  эпилеп сиялы қ 
статустағы науқас, үдемелі сал ауруындағы маразм жағдайындағы науқас, Пик 
немесе  Альцгеймер  ауруындағы  ақыл  кемдігі  жағдайындағы  аурулар  өлім 
жағдайына  ұшырауы  мүмкін.  Ж иі  психозбен  зардап  шегетіндер  жалпы 
соматикалық және инфекциялық аурулардан өледі, қоғамдық қауіпті әрекеттер 
жасау нәтижесінде мертігеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет