Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет41/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   167
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР  ПАТОГЕНЕЗІ
Патогенез — аурудың даму механизмі. Патогенетикалық механизмдер тұқым 
қуалаушылық сипатта қалыптасты және адамға заманға сай ұзақ табиғи-тарихи 
күрделі  даму  нәтиж есінде  қонды.  О рны ққан  п атогенетикалы қ  үрдіс 
физиологиялық,  биохимиялық, электрофизиологиялық,  психикалық реакци- 
ялардан  ж әне  мүшелер  мен  тіндердегі  құрылымдық  өзгерістерден  тұрады, 
басқаша айтқанда, патогенез уақыт аралығында ғана емес,  белгілі бір кеңістікте 
күрделене түседі,  өзіне  сәйкес  локализациясы  болады.  И.В. Давыдовскийдің 
пікірі  бойынша,  морфологиялық  өзгерістер  белгілі  даму  заңдылықтарына 
тәуелді,  олар  үрдістің  жеке  фазаларын  (әдетте  стереотипті  ж әне  циклды) 
суреттейді,  үрдіске  тұрақты лы қ  сипаты н  береді.  П атогенез  үрдістің 
территориалдылығын  білдіреді,  ал  ол  аурудың  клиникалы қ  көрінісінде 
бейнеленеді.  Патогенез  арқылы  ауру  себептерінің  әсері  ағзаның жауап  реак- 
циясымен  әрекеттеседі.  Көптеген  ауру  тудырушы  себептердің  әсеріне  ағза


86
VI  Тарау.  Психикалық аурулар жѳніндегі  жалпы  мәліметтер
шектелген реакциялар жиынтығымен жауап береді. Реакцияның түрі, бағыты, 
сапасы,  қарқы ны   ағзаны ң  жеке  мүмкіншілігіне  байланысты.  Егер  ағза 
мүмкіншілігі шектелген немесе  мүлдем болмаса,  онда оның жауап реакциясы 
болмайды немесе әлсіз  болады.  Мысалы,  кішкене балаларда  психоз  моторлы 
және  аффективті  бұзылыстар  —  қимылдық  қозу  немесе  ступор,  қорқыныш, 
агрессивтілік  арқылы  көрінеді.  Оларда  сандырақ  кездеспейді,  себебі  оларда 
тұлғаның  идеаторлы  құрылымы  жетілмеген,  абстрактылы-логикалық  ойлау 
қабілеті жетілмеген.  Тек жасөспірімдерде психоздың клиникалық көрінісінде 
сандырақ элементтерін байқай аламыз, олар эпизодты, тұрақсыздықпен, толық 
ашылмаған  фабуламен,  полиморфизммен,  жүйесіз  сипатпен  байланысты 
көрінеді.  Ересек  адамға  тән   санды рақ  сапасы н  тек  есейген  балаларда 
кездестіреміз.
Патологияның  ортақ теориясына  сәйкес  түзілген  патогенетикалық  үрдіс 
өзіндік даму,  қозғалыс  заңдылығына  бағынады.  Ауру  себебі  бір  мезетте  әсер 
етуі мүмкін, бірақ ол тізбекті реакция түрінде бірінен соң бірі қосылып тұратын 
көптеген компенсаторлы және бейімделу жауаптарын қозғалысқа алып келеді. 
Бір  себеп  әр  түрлі  бағдарламаларды  қозғалысқа  алып  келеді:  нақты  қайсысы 
екені — қосымша жағдайларға тәуелді. Ішімдікті шектен тыс қолдану көптеген 
аурулардың себебі бола алады:  ақ қызба,  алкогольді параноид, алкогольді гал­
люциноз, Корсаков психозы, Гайе-Вернике энцефалопатиясы т.б. Мерез жұғуы 
әсерінен  орталық жүйке  жүйесі  зақымдалуы  мүмкін,  ол  үдемелі  салдану,  ми 
мерезі сияқты жеке аурулар түрінде көрінеді.  Сонымен қатар, әр түрлі себептер 
бір  бағдарламаға тұрақтап, патогенезі бір болуы мүмкін.  Мысалы, делирийдің 
себебі көптеген соматикалық аурулар, уланулар,  ми жарақаты, көптеген жедел 
инфекциялар бола алады.  Осылайша, патогенез аурудың клиникасын, симпто- 
матикасы н,  синдром  түзілу  бағытын,  патологиялық  үрдістің  нәтижесін 
анықтайды.  Бірақ этиология, не болмаса патогенез бөлек алғанда нозологиялық 
форманы  анықтамайды.  Н озологиялық  формада  этиология  мен  патогенез 
бірігеді:  бір  нозологиялық  формаға  этиологиясы  мен  патогенезі  бір  жағдай 
жатады.
Психикалық аурудың теориялық моделі  — жалпылама, типті түсінік.  Дерт 
белгілі  бір  адамды  зақымдайды  ж әне  белгілі  бір  субъектіге  тән  жауап  беру 
ерекшеліктерімен сипатталады.  Бұл ерекшеліктер ауру организмінің бастапқы 
физиологиялық жағдайына, жоғарғы жүйке жүйесінің типіне,  мінез-құлқына, 
ж ы ны сы на,  ж асына,  тұқым  қуалау  ерекш еліктеріне,  им мунологиялы қ 
реактивтілігіне, басқа да науқастың конституциялық ерекшеліктерін сипаттай- 
тын жағдайларға тәуелді.  Индивидуалдылық жауап реакцияны өзгертеді, ауру 
клиникасында  ауытқулар  пайда  болуына  ықпал  етеді.  Өйткені,  әр  адам  — 
табиғаттың  қайталанбас  туындысы,  дерт  кезіндегі  атиптілік типтіліктен  гөрі 
табиғат заңына көбірек сәйкес  болып табылады.  «Нозологиялық қорытынды 
жалпылама түрде ғана шынайылықты көрсетеді; олар шындыққа сәйкес, бірақ 
барлық шындықтың бетін ашпайды, яғни, индивидуальдылық маңыздылығын 
толық ашпайды.  Барлық  этиологиялық  факторлар  салыстырмалы  түрде ғана 
патогенді,  ал  пайда  болған  патологиялық  үрдістер  біртекті  емес,  өйткені 
әрқайсысы  индивидуальды».  Н озологиялы қ  диагноз  қоюда  клиникалы қ


Психикалық аурулар  ағымы  және  нәтижесі
87
көріністегі  ауытқуларды  түсіну  үшін  науқасты  дұрыс  қарап,  анамнездік 
мәліметтерді толық талдау керек.
Патогенез  мәселесін  жақсы  білу  рационалды,  яғни  патогенетикалық 
терапияның  дұрыс  жүргізілуіне  себеп  болады.  Бұл  ем  аурудың  клиникалық 
көрінісінің негізіне жатқан тізбекті реакцияларды үзу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет