Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет40/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЕКІНШІ  БӨЛІМ. 
ЖАЛПЫ 
ПСИХОПАТОЛОГИЯ
А



III-Тарма қ 
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУ
V IТарау
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР ЖӨНІНДЕГІ
ЖАЛПЫ  МӘЛІМЕТТЕР
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР ЭТИОЛОГИЯСЫ
Қатаң  негізделген  тәжірибелік  профилактикалық,  емдік  ж әне  реабили- 
тациялы қ  іс-шаралар  жүйесін  құруда  психикалық  аурулардың  түп  негізі, 
себептері, пайда болу жағдайлары, клиникалық көрінісінің түзілуіне қоршаған 
ортаның,  тұлғаның  индивидуалды  ерекш еліктерінің  әсері,  патологиялық 
процестің ағымы мен аяқталуы жөніндегі жетік білімге сүйену қажет.
П сихикалық  қызмет  патологиясы  адамның  сыртқы  ортаға  бейімделуін 
күрт  өзгертеді  ж әне  шынайы  өмірдің  күрделі  формаларының  бейнеленуін 
бұзады.  Психикалық ауру тудырушы факторлар өте көп.  Олардың бірі белгілі 
болса (органикалық,  инфекциялық,  интоксикациялық психоз), кейбірлерінің 
сипатын тек жанама  белгілері бойынша байқай аламыз (ш изофрения,  э п и ­
лепсия).  П сихикалық  аурулар  этиологиясын  зерттеу  —  әлі де  аяқталмаған 
процесс.
Психикалық аурулардың себептерін организмге қатысты сыртқы-экзогенді 
және ішкі-эндогенді деп бөледі.  Экзогенді ауру тудырғыш агенттерге инф ек­
ция, интоксикация, мидың жарақаттан кейін зақымдалуы, церебральды ісіктер, 
психогениялар (психикалық жарақаттардың әсерінен рухани күйдің бұзылуы), 
соматогениялар  жатады.  Ал  эндогенді  себептер  тұқым  қуалаушылық және 
адамның  конституциялық  ерекшеліктеріне,  жас  кезеңдеріне  байланысты. 
Этиологиялық факторларды  экзогенді және  эндогенді деп  бөлу тәжірибелік 
психиатрияда  кеңінен  қолданылады.  Этиологиялық  принцип  психикалық 
ауруларды жіктеуде шешуші рөл атқарады. Теориялық жағынан зиянды фак- 
торларды эндогенді және экзогенді деп бөлу дұрыс бола бермейді.  Мұны түсіну


84
VI  Тарау.  Психикалық аурулар жѳніндегі  жалпы  мәліметтер
үшін қоршаған  орта әсеріне жауап ретінде адам ағзасының  барлық реакция- 
лары (физиологиялық, патофизиолгиялық) ұзақ эволюция барысында қалып- 
тасқандығын еске түсіру қажет.  Осы реакциялардың кейбірі адам ағзасының 
зат алмасу үрдісіне орнығып,  тұқым  қуалайтын  ерекшелікке айналған.  Осы- 
лайша,  сыртқы  ортаның  белгілі  бір  әсеріне  ағзаның  индивидуалды  жауабы 
оның  болаш ақ  ұрпақтары  үшін  алдын  ала  бағдарланған  болып  табылады. 
Басқаш а  айтқанда,  белгілі  бір  субьект  үшін  экзогенді  болған  себеп  оның 
ұрпақтары үшін эндогенді болып табылады. Үлы орыс клиницисті С.П.  Боткин 
ауру сыртқы ортаның организмге тікелей немесе оның алыс-жақын ата-ана- 
лары  арқылы  әсер  етуінен  пайда  болатынын  айтқан.  Адам  эволюциясының 
күрделі даму жолында организмнің сыртқы ортаға  бейімделу реакциясы ғана 
емес,  сыртқы  ортаның  өзі  де  өзгерді.  Адам  үнемі  қорш аған  ортаны  өзіне 
бейімдеу  үшін  өзгертіп  келді.  Бұл  өзгерістер  ақыр  соңында  адамның  өзін 
өзгертті.
Ауру туғызушы фактормен кездесу міндетті түрде ауруға шалдығу деген сөз 
емес.  Қолайсыз факторлар дерт туындатуы үшін ағза белгілі бір жағдайда болуы 
керек.  Осылайша, дертті құбылыс этиологиясы жайсыз фактор  болып табыл- 
мауы да  мүмкін.  Методологиялық тұрғыдан аурудың себебі — ауру тудырғыш 
элемент пен оны қабылдауға қабілетті организм қарым-қатынасы процесі. Тіпті 
тұқым қуалаушылықтары бірдей бола тұра бір жұмыртқалы егіздердің біреуінің 
шизофрения  немесе  маниакальды-депрессивті  психозбен  ауруы,  екіншісінің 
бұл аурулармен жүз пайыз ауыратындығын білдірмейді.  Сондықтан бұл жерде 
психикалық аурулардың тұқым қуалаушылығы жөнінде емес, оларға бейімділіктің 
тұқым  қуалайтындығын  айтуымыз  керек.  Мәселе  —  организмнің  алдын  ала 
ауруға  бейімділігінде.  Бұл бейімділік ауруға ұласа  ма, жоқ па,  ол организмнің 
өмір сүру ортасындағы жағдайларға байланысты. Эпидемиологиялық зерттеу- 
лерге сүйенсек, шизофрения тәрізді эндогенді ауруларда спонтанды дебют өте 
сирек  кездесетіндігі  анықталған.  Науқастардың  басым  көпшілігінде дерттің 
басталуына  психожарақаттаушы  ситуация,  соматикалық аурулар,  ішімдікпен 
уланулар себеп болған.  Экзогенияларға сезімтал науқастарда сол зиянды фак- 
торлар шизофренияның қайта өршуін және ұстамалар рецидивін туғыза алады. 
Эндогенді психоз тудыратын сыртқы ортаның әсерін зерттеу психопрофилак­
тика үшін маңызды.
Экзогенді зияндылықтардың ауру тудыруы үшін оған  бейім жағдайлардың 
рөлі  маңызды.  И.П.  Павлов  тәжірибесінде  жоғарғы  жүйке  жүйесінің  күшті 
типімен  бұрын стреске төзімді жануарлар кастрациядан кейін неврозға жеңіл 
шалдығатынын көрсетті.  Отандық психиатрлар С.Г. Жислин, Е.К.  Краснушкин, 
Л.Л.  Рохлин  психогенді  ауру  тудыратын  соматикалы қ  өзгерістерге  назар 
аударған.  Г.Е.  Сухарева  өз  жұмыстарында  инфекциялық  психоздардың  жиі 
жақын уақыт аралығында психикалық жарақат алған немесе резидуальды це- 
ребральды  жетіспеушілігі  бар  балаларда  кездесетіндігін  атап  көрсетті. 
Психикалық аурулардың дамуына  ықпал  ететін  немесе кедергі  болатын  фак- 
торлар ретінде адамның жынысы мен жасы да маңызды. Генеративті функция- 
лардың  ерекшеліктеріне  (менструальды  цикл,  жүктілік,  босану,  лактация, 
климакс)  байланысты жоғары эмоционалдылық,  айқын циклдылық және зат


Психикалық аурулар  патогенезі
85
алмасудағы өзгерістер — осылардың барлығы әйелдерде ерлерге қарағанда ис­
терия, маниакальды-депрессивті және пресенильді психоздардың жиі кездесуіне 
себеп  болады.  Ал алкогольді психоз,  мерездік психоз, жарақаттар және цере- 
бральды атеросклероз ерлер арасында көбірек кездеседі.
Жас кезеңдеріне байланыссыз аздаған психикалық аурулар тобы бар.  Орга- 
низмге адаптациялық қиындықтар туғызатын жас кезеңдерінде күрт өзгерістер 
(пубертатты  криз,  климакс)  невроз,  реактивті  жағдайлар,  психопатиялар  де- 
компенсациясы, шизофрения, маниакальды-депрессивті психоз ауруларынанегіз 
болады.  Қарттық ж әне пресенильді психоздар  кезінде жастық факторлардың 
рөлі маңыздырақ.
Өндірістік  фактор  психикалық  бұзылыс  себебі  түрінде  (кәсіби  аурулар 
кезінде)  кейде  оған  бейімдейтін  жағдай  рөлін  атқарады.  Мысалы,  өнеркәсіп 
жағдайындағы үнемі шу, вибрация, эмоционалды жүктеме қантамырлық ауру­
ды  ауырлатып,  психопатологиялық  симптоматиканың дамуына  ықпал  ете 
алады.  Кезеңдік  ағымдағы  эндогенді  психоздар  үшін  маусымдық  фактор,  ал 
метеотропты  фактор  қан  тамырлық  патологиясы  немесе  БМ Ж -нан  кейінгі 
резидуалды  құбылыстар  кездесетін адамдар үшін  маңызды.  Егер  нақты себеп 
болмаса, тек ауруға бейімдейтін жағдайлар психикалық ауру тудыруға қабілетті 
емес.  Мысалы,  барлық бейімдеуші жағдай  болғанымен,  ағзада солғын спиро­
хета  болмаса,  ми  мерезі  немесе үдемелі  салдану туындамайды.  Елде  малярия 
тәрізді қауіпті инфекциялар жойылғандықтан,  қазіргі кезде осы аурумен бай- 
ланысты психоздар да кездеспейді.
Осылайша, аурудың себептері де, оларға бейімдейтін жағдайлар да экзогенді 
де,  эндогенді де бола алады.  Тәжірибеде нақты аурудың себебі мен  бейімділік 
жағдайын  ажырату қиын,  бұл  кейбір  ауруларды  полиэтиологиялы деуге негіз 
болды.  Білім жетіспеушілігінен құбылысты қарапайым түсіндіруге тырысамыз. 
Өмірде өзара қатынас және себеп-салдар қатынасы әлдеқайда күрделі.  Осын- 
дай өте күрделі мәселелерге психикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі 
қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет