Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


Өткен тәжірибиенің есте сақталуының бұзылысы



Pdf көрінісі
бет66/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   167
Өткен тәжірибиенің есте сақталуының бұзылысы
Қабылданған  ақпараттың  (ретенция)  сақталуы  жөнінде  оны  қайта  еске 
түсіруге негізделіп,  пікір жасалады,  бұл — дұрыс емес.  Шындығына келгенде, 
біздің жадымыз — көлемі және мазмұны жағынан біз ойлағаннан едәуір мықты. 
Бұған  гипермнезия  деп  аталатын  клиникалық  факт  дәлел  бола  алады.  Кейбір 
ерекше жағдайларда  адамның  есіне  әлдеқашан  ұмытылып  кеткендей  болған 
жайлар түседі.
Әдебиетте ауыр жұқпалы  аурумен  сырқаттанған  кәрі әйелде қызбаның  ең 
өткір кезеңінде сана өзгерісі байқалған: әйел мазасызданып, тоқтамастан көне 
Грек шығармашылығынан үзінділер айтқан. Оның жағдайы жақсарып, өз-өзіне


126
VIII  Тарау.  Психикалық бүзылыстар  симптомдары
келгенде, ол көне Грек шығармашылығы туралы мүлдем мағлұматы жоқ екенін 
айтқан.  Дегенмен,  бұл  науқастың  ж асты қ  шағында  көне  Грек  әдебиеті 
мәселесімен айналысқан белгілі ғалымның үйінде үй қызметкері болып жұмыс 
істегені анықталды. Ғалым жиі өз бөлмесінде жүріп Көне Грекия ақындарының 
шығармаларын дауыстап оқыған, бұл кезде үй қызметкері үй шаруашылығымен 
айналысып жүріп,  еріксіз  иесінің  оқыған  шығармаларын  тыңдайтын  болған. 
Осылайша, науқас үшін қажетсіз ақпарат қабылданған, өзгерген сана жағдайында 
ес тұңғиығынан беткейге шыққан.
Өткенді ұмыту ретсіз емес, белгілі заңдылықпен өтеді.  Рибо заңы бойынша, 
бірінші ретте неғұрлым кеш қабылданған, нашар ұйымдастырылған дағдылар 
зардап  шегеді;  одан  кейін  біртіндеп  естегі  көне  оқиғалар  жойылады.  Бұл 
қалыпты жағдайға да, патологиялық жағдайға да қатысты, бірақ патологиялық 
жағдайда  ұмыту  үрдісі  қарқы нды   жүреді  ж әне  ол  білім,  дағды  жинақтау 
үрдісінен  басым  болады.  Осындай  жағдайда  өмірдің  ерте  кезеңіне  қатысты 
ақпараттардың өзекті болуы бақыланады (гипермнезия ^былыстары).  Мұндай 
науқас  бір жыл  бұрын  әйелінің қайтыс  болғанын,  2 жыл  бұрын тұрғылықты 
орнын  ауыстырғанын  есінде  сақтамайды,  бұрынғы  мекен-жайын  айтады, 
зейнетке 5 жыл бұрын немесе  10 жыл бұрын шыққанын айта алмайды,  бірақ 
балалық  шағын,  көшесін,  мектепке  барғанын,  алғашқы  ұстазының  есімін 
айтып  бере алады.
Есті  жер  қабаттарымен  салыстыруға  болады:  өмір  барысында  біртіндеп 
жинақталған  білім,  дағды  өткен тәжірибемен қабатталады және онымен  бай- 
ланысты ұйымдастырылады. Дерт беткей қабаттарды шайып, көне қабаттарды 
бетке шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет