Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


Еске түсірудің сапалық бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет69/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
Еске  түсірудің  сапалық  бұзылуы  (дисмнезия,  парамнезия)  —  естеліктер 
мазмұнының  өзгерісі  болып  табылады.  Бұл  құбылысты  феноменологиялық 
зерттеу кезінде псевдореминисценция және конфабуляция деп бөлеміз.
Псевдореминисценцияны  ес  иллюзиясы деп те  атайды.  Бұл  болған  оқиғаның 
уақытын немесе орнын қате есіне алу. Психиатриялық ауруханада айлап жатқан 
ес бұзылысымен ауыратын науқасқа «бүгінгі күнді қалай өткіздің?» деген сұраққа 
олар  үйде  болғанын,  қандай  жұмыспен  айналысқанын  есіне  түсіріп,  толық 
айтып береді.  Бұл жерде науқастың күн сайынғы шаруасы жөнінде сөз болып 
тұр,  мұның барлығы — ауруханаға түспестен  бұрын болған оқиғалар.
Конфабуляция кейде ес галлюцинациясы деп те аталады.  Конфабуляция кезінде 
жадыдан  түсіп  қалған  оқиғаларды  науқас  ш ын  мағынасында  болмаған 
оқиғалармен  толықтырады.  Инсульттан  кейінгі  науқас  өзінің  өткен  аптада 
таудан космосқа ұшқанын, яғни, космоста аяқ киімін ұмытқанын есіне түсіреді. 
Конфабуляциялар  өз фабуласы  бойынша  шындыққа жанасуы  мүмкін немесе 
айқын фантастикалық сипатта болуы  мүмкін.
Қазіргі кезде ес бұзылысының сапалық түрлерінің барлығын конфабуляция 
деп атайтын үрдіс бар, өйткені тәжірибеде ес иллюзиясы мен галлюцинациясын


128
VIII  Тарау.  Психикалық бүзылыстар  симптомдары
ажырату өте қиын.  Кәрі адамдар кейде түс көрулерін шынайы өмірмен  шата- 
стырады.  Осыған ұқсас жағдай Ф.М. Достоевскийдің «Дядюшкин сон» пьеса- 
сында суреттелген.
Конфабуляция психиканың патологиялық өнімінің нәтижесі болып табы­
лады.  Ол  гипомнезия  фонында  мидың  органикалық  ауруларында  кездеседі 
(орталық  жүйке  жүйесінің  қан  тамырлық  зақымдалулары,  жарақаттық, 
интоксикациялық, инфекциялық ауруларында).  Фиксациялық, антеро-ретро- 
градты амнезиялар бірігіп Корсаков синдромының триадасын құрайды.  Конфа- 
буляциялар мнестикалық функция жеткіліксіздігімен бірге жүретін психоздық 
жағдайларда да бақыланады. Шизофрениямен ауыратын науқастар кей жағдайда 
қиялдан шыққан жайттар жөнінде әңгімелейді (әдетте фантастикалық сипатта).
Псевдореминисценция негізінде кейде экмнезия ^б ы л ы сы  дамиды.  Экмне­
зия — науқастың өткен өмірі. Өткен жылдар оқиғаларын науқас қазіргі уақытта 
болып жатқандай уайымдайды.  Өзінің, туыстарының және таныстарының жас 
мөлшерін,  айналада  ж әне  өзімен  болып  жатқан  оқиғаларды  осы  кезеңге 
сәйкестендіреді.  Қарттық  ақыл  кемдігімен  сырқат  науқастар  өздерін  40,  30, 
18  жастамыз,  кіш кене  баламыз  бар,  семья  құрамыз  ж әне  қайтыс  болған 
жақындары хат жазады немесе соғыс кеше ғана бітті деп айтады.
Экмнезия құбылысы кәрілік психозда,  истерияда,  шизофренияның соңғы 
сатыларында бақыланады.  Экмнезия — күрделі психопатологиялық түзіліс. Бұл 
кезде  соңғы  жылдарда  ж әне  ағымдағы  болып  ж атқан  оқиғалардың  есте 
сақталмауымен қатар,  бұрын  болған оқиғаны осы шаққа ауыстырып айтумен 
гипермнезия,  уақыт  бойынша  бағдарлау  бұзылысы  ж әне  уақыт  аралығында 
өзін адастыру,  ой түйіндеу бұзылысымен жүреді.
Еске түсірудің сапалық бұзылыстарына криптомнезия,  яғни жасырын  еске 
түсіру  жатады.  Өткен  ш ақта  науқас  қабылдаған  бөтен  идеялар,  бөтен 
шығармашылық, уақыт өте науқас ойында өзінің жаңа, біртума идеясы түрінде 
танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет