166
жəне қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық іс-əрекеттер жасау кезінде
нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін
құрылатын коммерциялық емес, кəсіптік, өзін-өзі қаржыландыратын
ұйым болып табылады.
Жасалған нотариаттық іс-əрекеттердің заңдылығын жəне
мемлекеттік нотариустың жəне аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, селолардың, ауылдық округтердің əкімдері
аппараттарының лауазымды адамдарының іс жүргізу ережелерін
сақтауын бақылауды аумақтық əділет органы жүзеге асырады. Жеке
практикамен айналысатын нотариустың
жасаған нотариаттық іс-
əрекеттерінің заңдылығын жəне іс жүргізу ережелерін сақтауын
бақылауды аумақтық аумақтық əділет
органы мен нотариат пала-
тасы жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тəртібін Қазақстан
Республикасының əділет министрлігі Республикалық нотариаттық
палатамен бірлесіп белгілейді. Нотариустың жəне
аудандық
маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер, əкімдер
аппаратының лауазымды адамдарының салық заңдарын сақтауын
бақылауды Қазақстан Республикасының салық қызметінің органда-
ры жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: