168
дейінгі кəмелетке толмағандар мəмілелерді ата-аналарының,
ал əрекет қабілеттілігі шектелген
адамдар- қорғаншыларының
келісімімен жасайды.
Өз арыздарында кемелердің капитандары жүзу кезінде болған
оқиғалар (апат, жүктің бүлінуі жəне т.с.с.) туралы хабарлайды. Теңіз
наразылығы туралы арызда оқиға жағдайларының жəне
капитанға
сеніп берілген мүлікті сақтау үшін ол қабылдаған шаралардың си-
паттамасы болуға тиіс. Егер теңіз наразылығын мəлімдеу қажеттігін
тудырған оқиға айлақта болған болса, наразылық оқиға сəттен ба-
стап жиырма төрт сағат ішінде мəлімденуі тиіс.
Наразылықты белгіленген мерзім ішінде мəлімдеу мүмкін
болмаған ретте, теңіз наразылығы туралы арызда мерзімді өткізіп
алу себебі көрсетілуге тиіс. Теңіз
наразылығы туралы арызда
баяндалған жағдайларды растау үшін кеме капитаны сауда теңіз
қатынасын реттейтін заңдарға сəйкес
арыз берумен қатар, бірақ
кеме айлаққа кірген сəттен бастап жеті күннен кешіктірмей (неме-
се
егер оқиға айлақта болса, ол болған сəттен бастап) нотариусқа
қарауға кеме журналын жəне капитан куəландырған кеме журналы-
нан алынған көшірмені беруге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: