167
іс-əрекеттер нотариат кеңсесі немесе жеке қызметпен айналыса-
тын, нотариус кеңсесі немесе жеке қызметпен айналысатын, нота-
риус кеңсесі үй-жайынан
тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы
куəландыру жазбасында жəне нотариаттық іс-əрекеттерді
тіркеуге
арналған тізілімде нотариаттық іс-əрекеттер жасалған орынның ме-
кенжайы жəне уақыты көрсетіле отырып жазылады. Нотариус пен
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының өз аты-
на жəне атынан, өз жұбайының, оның жəне өз туыстарының (ата-
аналары, балалары, аға-інілері, апа-сіңілілері, немерелері, əжесі, ата-
сы) атына жəне олардың атынан нотариаттық іс-əрекеттер жасауға
құқығы жоқ.
Мемлекеттік нотариат кеңсесінде іс қағаздарын жүргізудің жəне
мұрағаттың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үшін жауапкершілік
аумақтық əділет органы басқармасы
бастығының бұйрығымен
мемлекеттік нотариат кеңсесі нотариустарының біріне жүктеледі.
Жеке практикамен айналысатын нотариустардың іс қағаздарын
жүргізуі мен мұрағатының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне
жауапкершілікті жеке практикамен
айналысатын нотариустың өзі
көтереді. Мұрағат үшін жауапты мемлекеттік нотариус жұмыстан
шыққан немесе басқа жұмысқа ауысқан жағдайда, оның міндеттері
басқа нотариусқа жүктеледі, бұл жөнінде
қабылдау-өткізу актісі
жасалады. Жеке жұмыс істейтін нотариус өз өкілеттігін тоқтатқан
жағдайда аумақтық əділет органы жəне
нотариаттық палата
құжаттарды басқа нотариусқа немесе тиісті мемлекеттік мұрағатқа
тапсыру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: