бейнеленген оймен (біліммен) бетпе-бет ұшырасамыз. Жэне сондыктан да көптеген философтар білімді оның тілдік көрінісімен біріктіреді, өйткені «тіл ойдың тікелей нактылығы» болып табылады. Бірақ мұнан тіл мен ойдың, яғни білімнің арасында тепе-теңдік бар деген ой тумауға тиіс, себебі тікелей нактылықтан өзге сырт көзден жасырын жанама нактьілықтың да бар екенін естен шығармаған жөн. Дэл осыны кезкелген дамыған философияның маңызды бөлімі - таным теориясы ұғынып, мэнін ашуы тиіс. Білім, ол кайдан пайда болмасын, тілде көрініс табады. Оны зертгеу үшін білім калыптастыратын және жеткізетін ұгымдардың негізгі типтері мен сөйлемдердің формальды, яғни логикалык кұрылымын қарастыру кажет. Білімнің бүкіл алуан түрлілігіне карамастан, олардың формальды-логикалык кұрылымын білдіретін біркатар соңғы мөлшерін бөліп алуға болады. Осылайша, Аристотель формальды логиканың негізгі карапайым зандарын калыптастырды. Ол алғаш рет ғылыми білімді өзара бір-бірімен логикалык катынастарымен байланысты жэне логакалык ережелері арқылы бірінен-бірі туындайтын сөйлемдердің (пікірлердің) тізбесі ретінде қарастыра бастады. Аристотель көзқарастары философияның кейінгі дамуына орасан зор ыкпалын тигізді. Ортағасырларда философия мифология мен дінге қарсы туратын білімнің жеке саласынан христиан теологтары тегеурінімен дінтанудың қызметшісіне айналды. Бірақ таным үдерісі мен білім кұрылымын зерттеу сипаты өзгергеніне карамастан онан эрі жалғасты. Христиан діні барлык танымның негізгі кайнар көзі ретінде Құдайдың аяны мен касиетті Інжілді санады. Егер антик философтары көбіне ғарыштың өзіне, табиғаттың өзіне кұдіреттілік берсе, ал христиан діні табиғатты