бірі ретінде таным теориясымен белгілі катынас орнатады, өйткені ЭЕМ-нан алынған ақпараттың танымдық күндылығы бағдарламаның сапасы мен беріктілігіне бағынышты. Төртінші ерекшелік ғылыми білімнін объектілерін зерттеу барысында ғана математиканы колданып коймай оны ғылыми білімнің өзін сипаттау мен зерттеу де пайдаланумен байланысты. Бұл сощы процедуралар білімді формалдандыру деп аталатын мәселемен тікелей байланысты. Дұрыс күрылған ғыльми теорияның ғылымның түсініктері 190
мен зандарын білдіретін пікірлердің жүйесін білдіретінін еске түсірейік. Пікірлер тілмен жеткізіледі. Тілді біз кунделікті өмірде колданатын кәдуілгі табиғи тіл деп карастыру міндетті емес. Тіл ретінде біркатар талаптарға жауап беретін ерекше белгілер жүйесін пайдалануға болады. Оның сөздігі, яғни берілген ғьшымның зерттейтін объектін, касиеттері мен катынастарын білдіретін символдар мен белгілік комбинацияларының жиынтығы болуы тиіс. Бұл тілдің сөздерімен сөйлем кұраудың таза айкындалған ережелері де болуы тиіс. Бұл ережелер баскаша синтаксис (грекше syntaxix - кұрастыру) деп аталады. Тіл зерттелетін объект туралы ақпаратгы беру үшін жэне сәйкес білімдерді өндеу үшін кызмет аткарғандыктан, оның сөздері мен сөйлемдерінің мэні мен мағынасы болуы шарт. Мэн мен мағыналарды бекітудің дэл калыптастырушы тәсілдерін білдіретін ережелердің жиынтығын семантика (грекше semantikas - белгілеуші) деп аталады. Кэдуілгі тілде сѳздік, синтаксис жэне семантика тек бір мағынада колданылмайды. Бірак ғылымның тілінде, мысалы математика, физика,