үлкен эсер ете алмай отыр. Дінді, этиканы мойындау, әлемдік интеграцияны рухани жағынан толыктырып, шынайы "жүректер интеграциясына" айналдыру, эр бір ұлттык кайталанбас келбетін сыйлау, "жанын" түсінуге тырысу, сол арқылы шынайы бауырмалдыкка жету - міне Батые пен Шығыс ойшылдарының, жалпы прогрессивтік ниеттегі адамдардың келген корытындысы. Қандай халык болмасын, жалпы бүкіл адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятка бет бұрмаса, адамды түземесе - жер бетіне үлкен касірет жақын екені енді анык сезіледі. Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек: "американдану", "еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик болып, кайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бүрынғы рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін үштастырып қолдануымыз кажет. Тура XIX ғасырдың рационалист-ағартушылары сиякты ойлауымыз жөнсіз. Олардан гөрі біз дәстүршілміз, руханилығымыз, мұсылмандығымыз, шыеыстығымыз
олардан күшті. Жаппай вестеризация, рухани азу ыкпалы күрт өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың биік мәдениетін, философиясын емес, азғындык жағын насихаттау басым), оған төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге корған. Сөйтіп кана ұлтты дағдарыстан алып шыға алады зиялылары, басшылары. Қазіргі «вестернизацияның» мынадай қиындыктарын атап өтейік: - руханилык пен материалдықтың арасындағы ажыратылу; - эскапистік жэне дүниетанымдык ұстанымдардың араласып кетуі;