тәлкегімен өлімге бас тігеді. Жазмыш оған ақыры трагедиялык финалға жеткізетін мыңжылдык эволюция өлшеп береді. Шпенглер өзінің мифологиялық концепциясында эрбір мэдениеттің негізгі символын - “прафеноменін” табу кажет, тек сол арқылы ғана оның “жанын” түсінуге болады деп есептеді. Ол ең басты назарды үш мәдениетке - греко-рим, батысевропалык жэне византиялық-араб мэдениеттеріне аударады. Олардың эркайсысының “прафеномен” немесе базистік символ аркылы апшлатын өз “жандары” бар. Греко-рим мәдениетінің “аполлондык жаны” сезімдік тэн (дене) символы арқылы аншлады. Батысгык мәдениеттің “фаустык” жаны шексіз кеңістік пен уакыт символында, ал “магиялык жан” - жан мен тэнді карсы қою арқьшы ашылады. Мэдениет “жанның ” пайда болуымен туылады жэне “жан” өз күшін сарқығанда өледі. Құлдыраушы мэдениет міндетті түрде өркениетке айналады. Мысалы “фаустык” мэдениет күйзеліс үстінде, яғни XIX ғасырда өркениет сатысына өткен ол өзінің машиналы кейіпінде адам тағдырларын тобырымен жэне бүкіл батыс әлеміндегі өмірдің өзін майдалап тастауда. Сондыктан да оның өзінің оқшау мәдениеттердің морфологиялык концепциясын жария еткен екі томдык еңбегі “Еуропаның дағдарысы” деп аталады. А.Дж. Тойнби (1899-1975) - ағылшын философы жэне тарихшысы. Ол окшау өркениеттер концепциясын адамзат тарихының тұтастығы идеясымен келістіруге тырысады. О.Шпенглермен салыстырғанда ол жалпыәлемдік-тарихи процестің мэнін теріске шығармайды, бірак жекелеген окшау өркениеттердің өмір сүруін де мойындайды. Олардың типологиясын зерттеу бұл өркениеттердің калыптасуы мен өмір сүруінің ішкі заңдылыктарын аныктауға негізделуі