Оқулық o p s 3 философия негіздері



Pdf көрінісі
бет446/525
Дата15.09.2022
өлшемі13,05 Mb.
#39158
түріОқулық
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   525
Өркениеттердің көпшілігі 
адамзаттык 
прогрестің, әлемдік 
тарихтың біртұтас ағынына қосылып кетеді.
Бүкіләлемдік тарих және мәдениет. И. Гердер, К. Ясперс. Неміс 
философы Иоганн Готфрид Гердер (1744-1803) өзінің “Адамзат тарихы 
философиясының идеялары” деген еңбегінде тарих та табигат сиякты 
катаң зандарга багына отырып, белгілі бір тарихи жагдайлармен дамиды 
деген концепцияны ұсынды. Тарихтағы прогресс заңы табигаттың 
прогресс заңына негізделген. Бұл еңбекте адамзат тегінің тарихы біздің 
планетаның тарихынан басталады. Гердер оның шығу тегі мен ғалам 
жүйесіндегі орнын сипаттайды. Элем белгілі бір сатылардан өтетін 
үнемі 
даму 
үстіндегі 
бүтіндік, 
тұтастык 
күйінде 
көрінеді. 
“1. Материяның ұйымдасуы - жылу, от, жарық, ауа, су, жер, тозаң, 
ғалам, электр жэне магнит күштері. 2. Қозғалыс, тартылыс жэне 
тебілістің барлык заңдары бойынша Жердің ұйымдасуы. 3. Тірі емес 
заттардың - тас, түз, т.б. ұйымдасуы. 4. Өсімдіктердің - тамыр, жапырак, 
гүл, күштердің ұйымдасуы. 5. Жануарлар: денелер, сезімдер. 6. Адамдар 
- зерде, акыл-ой. 7. Әлемдік жан: барлығы”. Гердер үшін бұл схема 
үздіксіз жетілуші “дамудың тізбегін” білдіреді.
И. Гердердің еңбегінде негізгі орынды коғамдык дамудың заңдары 
мәселесі апады. Қоғамдык дамудың себехтгерін ол ішкі жэне сырткы 
факторлардың өзара әрекетінен көруге тырысты. Сырткы факторлар - 
бүл адамдар өмірінің барлык жағдайларының жиынтығы (географиялык, 
табиғи). Қоғамдық дамудың басты стилі ретінде ол ішкі факторларды, 
органикалық күштерді атайды. “Адам коғам үшін туылған” деген 
Гердердің афоризмінде коғам - адамзатгык индивидтердің органикалык 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет