(1711-1776 жж.) болды. Негізгі еңбектері: “Адамнын ақыл-ойы туралы зерттеулер”, “Діннің табиғи тарихы”, “Табиғи дін туралы пікірлер”, т.б. Юм ешкандай түпнегізді (субстанция) мойындамайды. Себебі, ол шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындыкта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тэжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті аркасында қалыптасады. Мысалы, кұдай идеясы адамдарға тэн ақш, данышпандык, қайырымдылық, көрегендік т.б. сол сияқты касиеттерді жиынтыктап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатга жок кұбылыска телуінен пайда болған. Ал жан немесе “мен” ұғымы үздіксіз өзгеріп отыратын “еске алу” мен сезім әсерінің бірлігі. Тэжірибенің өзі юмның түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын “әсерлердің үздіксіз қимылы”. Ал фактілердің себептері мен салдарын кайталанып койылған тэжірибе жэне өз алдына дербестенген “ойлауға әдеттену” арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде “ойлауға әдеттену” - өзіне себептілік инстинктінің көмегінің аркасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін кұбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоқка шыгара отырып, сезім “әсерлерінен” туындаған идеяларды субъективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жаткан тэжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректерден трансценденттік идеяларға (қүдай, “мэңгі өлмеу” т.б.) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты - тэжірибе арқылы айқындалған табиги күбылыстардың себептерін жиынтыктап, олардан туындайтын көптеге салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру. Адамдардың іс-әрекетінің негізінде