себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи калыптасуларымыз, сүраныстарымыз және қүмарльнъшыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды демек ол ешкандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақикат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылык туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді. Юм осы уакытка дейін айтып келгендей “агностик”, “скептик” емес, биологиялык- 67
антропологиялык тұрғыдан философиялық рационалистік бағытка карсы шыккан реалист. Егер ағьшшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну аркылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы жэне философы Рэне Декарт (1596-1650 жж.) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға койып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: “Тэсіл туралы ойлар”, “Бірінші философия туралы метафизикалык ойлар”, “Философия бастамасы” т.б. Декарттың философиясы өз бастамасын “күмандану” кағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптаскан пікірлерге де, сезімдік танымның акиқаттыгына да күманданады. Нағыз шындык - “күманданып ойлаудың қабілеті” деп мойындау. Оның “мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін” деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективті шындыктан іздемейді, керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл кағида оны мэнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді. Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірак байланысты рухани түпнегізбен (кұдай) катар, материалдык түпнегіз де