Оқулық o p s 3 философия негіздері


болмыс мәселесін талдауда ғылыми танымға айырықша көңіл қояды



Pdf көрінісі
бет169/525
Дата15.09.2022
өлшемі13,05 Mb.
#39158
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   525
болмыс мәселесін талдауда ғылыми танымға айырықша көңіл қояды. 
Ғылым үшін болмыс 
туралы мәселе кою оның кұрылымдык 
кұрамдастары, субстанционалды негіздері тұрғысынан алғанда маңызды.
Ғылым болмыс туралы мәселені, акыры соңында, бастапқы 
түпнегіздің қүрамдас элементтері туралы мэселеге экеліп тірейді. Жэне 
де мынадай сүракка - әлем калай үйымдаскан, қүрылымы жэне қызмет 
ету механизмі калай деген сүракка жауап беріп, ал болмыс деген не? 
деген сұракка жауап бере алмайды. Хайдеггердің пікірінше бүл сүрак 
жэне оның жауабы өте күрделі болып шыкты. Антик дәуіріндегі
121


ойшылдардан бастап философиялык ой бұл мәселенің шешімін таба 
алмай келеді. Муны бұл мэселені шешу тэсілінің өзі айқындайды, 
өйткені, эдетте болмыс белгілі бір мәнділікпен теңестіріледі де, оны 
калай тану керек мэселесіне әкеліп тірейді. Нэтижесінде, болмыс 
мәселесі бірте-бірте «аннигилизацияға» ұшырап, ұмытыла бастайды.
Хайдеггер болмысты философиялык рефлексия саласына кайтару 
такырыбын талдаумен айналысады. Ол метафизика адам үшін маңызды 
деп санайды, себебі ол адаммен байланысты. Ахуал калыптаскан 
жағдайда адам өзін Ешнәрсеге бағытталған әлемде аңғаруы мүмкін. Өз 
болмысының Ешнәрсеге бағытгалғанын терең сезініп, ойға батканда, 
өзінің акырын толык сезгенде, өлімге тура караған сәтте ғана адам 
Болмыс туралы сұрақты айкын коя алады. Хайдеггердің ойынша, 
болмыс мәселесі өлім табалдырығында тұрған, Ешнәрсеге бағытталған 
өзінің шарасыздыіын сезген адамға катысты ғана маңызды. Сондыктан 
да болмыс туралы мэселені кѳтеретін метафизика - адам жэне адамға 
катысты ғана маңызды, тек адамға байланысты ғана мэнге ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет