Оқулық o p s 3 философия негіздері


тұлға индивидтің әлеуметтенуінің нэтижесі. "Тұлға болып туылмайды



Pdf көрінісі
бет226/525
Дата15.09.2022
өлшемі13,05 Mb.
#39158
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   525
тұлға индивидтің әлеуметтенуінің нэтижесі. "Тұлға болып туылмайды, 
тұлға болып калыптасады" (А.Н.Леонтьев). Әлеуметтену динамикалық 
сипатта болғандыктан, тұлға - бұл эркашанда процесс, бұл үнемі 
қалыптасу. Өзінің қалыптасуында, өзінің ұмтылысында тұрып калган, 
катып қалған түлға — бұл демек, кері кетуші тұлға. Тұлғаның 
деградациялануы индивидтің өзге ерікке толығымен бағынып жэне 
оның әрекеті алдын-ала бағдарланып қойылған жағдайда, яғни эрекет 
пен тандау еркіндігіне орын калмаған жағдайда да орын алады.
Индивидтің карым-катынастан жэне тандау мүмкіндігінен, белгілі 
дәрежеде еркін қимылдаудан айырылуы да тұлғаның дамуы мен оның 
көңіл-күйіне кері эсер етеді. Адамды коғамнан жэне карым-катынастан 
бездіру үнемі ең катал жазалардың бірі болып саналды, өйткені үнемі 
оқшаулану мен жалғыздык тұлғаның өзінің мэніне кайшы келеді. Бірак 
өзге ерік пен ойды тұлғаға тану онан да теріс ыкпалын тигізеді. Баска 
ерікке толығымен бағынған жэне өз дүниетанымынан, өз ойы мен 
көзкарасынан айырылған адам - бұл тұлға емес. Сол сияқты белгілі бір 
себептерге байланысты акыл-ойы мен жадыдан айырылған индивидті де 
тұлға деп айтуға келмейді.
Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы - оның адамгершілік- 
рухани мэні. Тұлғаның мазмұнынын жэне оның бағалануының маңызды 
компоненті 
ретінде 
оның 
санасының 
дүниетанымының, 
адамгершілігінің және жауапкершілігінің деңгейімен сипатталатын 
тұлгалык бағдарлары мен санасының барысы көрінеді. Әрине тұлғаның 
калыптасуы мен қылыгына элеуметтік ортаның үлкен ықпал етері сөзсіз. 
Бірак тұлғаның бағдары мен қылығы да сол деңгейде адамның ішкі, 
рухани әлеміне багынышты. Адамның бойындагы интелектуалдык- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет