адамгершілік жэне ерікті касиеттері неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпыадамзаттык құндылықтармен сәйкес келеді, тұлғаның өзінің де маңызы артып, бұл кұндылыктардың бекітілуі мен дамуына өздерінің оң ыкпалдарымен эсер етеді. Бұл тұрғыда ол өзінің рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен кайырымдылығы жақтарымен сипатталады. Тұлғаның ерік-жігері мен рухының күштілігі, оның адамгершілік қайырымдылығы мен тазылығы тек накты практикалық әрекетте жэне белгілі бір элеуметтік жағдайларда ғана бекітіліп, іске асады. Дәл сондай жағдайда ғана, яғни іс накты қылыкка жеткенде ғана тұлға болудың, еркін болудың, адал, принципиалды болудың жэне т.б. киын да ауыр 156
екендігі аңғарылады. Өйткені, егер индивид өзін шын тұлға деп есептеп, соған ұмтылса, ол өзінің тек акыл-ойында ғана емес, ең алдымен кылыктарында да жауапкершілікті болуы тиіс. Тұлғаның еркіндік жағынан сипаттамасы, сөзсіз кажет. Еркіндік - бұл тұлғаның атрибуты. Бірак жауапкершіліксіз еркіндік - бұл шектен тыс бей-берекетсіздік. Сондыктан жауапкершіліктің тұлга атрибуты ретіндегі маңызы бір де кем емес, кейде ерікті болғаннан жауапкершілікті болу киынырак. Сонымен, тулға болу киын. Нағыз тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі үнемі шығармашылыкты, көңіл-күйдегі уайым-кайғыны талап етеді. Тұлға неғұрлым жоғары және маңызды болған сайын, онын өзінің жэне өзгерлердің алдындағы жауапкершілік деңгейі де жоғары. 157
7-ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯДАҒЫ САНА МӘСЕЛЕСІ Адам түс көрген кезде, ол әр түрлі кылыктар жасайды, белгілі бір