токталайык. Мысалы, антикалық грек-рим тарихшыларының тарих ғылымына сіңірген еңбегі қандай? Фукидид жэне Геродот заманынан бері Тарих окиғалардың тізбегі ретінде көрінді. "Алғашкы", "бастапкы" тарихнама оқиғаны тарихи үдерістің клеткасы, басты ұясы ретінде санаға сіндірді. Бұл тарихнаманың екінші маңызды жаңалығы, окиғалардың пайда болуын, іске асуын, дамуын уакыт ағынында карастырды. "Топос" (грекше - "topos" "орын") жэне "Хронос" (грекше - "xrodog" "уакыт"), яғни уакыт ағымында өткен окиға - міне, антикалык дәстүрдің элемдік тарихнамаға бергені осы. Дүниежүзілік тарих философиясының батыстык жэне шығыстык үлгілерінің бар екендігі даусыз мэселеге жатады. Сонда да батыстык тарих философиясын казак дүниетанымы түрғысынан сараптау біршама қиындыктарға ұшырайды. Солардың арасында төмендегідей ой желілеріне басты назар аударғымыз келеді: 1. Тарихи сананың батыстык формалары мен кұндылықтары казір үстемдік танытып, өздерін бірден-бір мүмкін акикат деп жариялап келеді. 2. Батыстык тарих философиясы христиандык өркениеттің бүкіл элемдік батыстандыруға деген ұмтылысының өзіндік санасын түйіндейді. 3. Қазак жэне баска түрік халыктарының тарихи санасы отаршьшдық кысым жағдайында калыптасты. Осы жағдайларды ескере отырып, қазіргі батыстык тарих философиясының кейбір ой түзілімдеріне назар аударайық. Тарихи үдерістердің онтологиялык кырларын (тарихтың мэні мен мағынасы, бағыттары, тарих пен табиғат, тарихи прогресс, жэне т.б.) зерттейтін арнаулы философиялык ілім - тарих философиясы негізінен Жаңа заманда калыптасып, толысты. Оның басты ѳкілдері Дж. Вико, Ш. Монтескье, Ф. Вольтер, И. Гердер, Гегель христиандык сэуегейшілдік