Дәріс 12 Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
Мақсаты: Уақыттың тіршілік өлшемі ретіндегі маңызын түсіндіру процестердің жүру мерзімен ұғындыру. Уақытты сезімдік қабылдауларын қалыптастыру.
Дәріске керекті құралдар: сағат, тәулік бөліктері белгіленген кескіндемелер.
Студенттерді ойландыратын сұрақтар:
Уақытты тіршілік өлшемі ретінде қалай түсінесің? Сезім мүшелері уақытты ажыратуда қандай роль атқарады? И.М.Сеченов зерттеулерінің маңызы қандай?
Дәріс жоспары:
Уақыттың тіршілік өлшемі ретіндегі маңызы.
Уақытты сезіну әдістері.
Уақытты анықтау, ажырату құралдары.
Дәріс барысы:
Қазіргі еңбек шарты адамнан әрекет үрдісінде уақыт ағынын қадағалай білуде, оны уақытқа бөлуде, белгілі жылдамтықтағы әртүрлі сигналдарға жауап қайтаруда және берілген уақыт аралығында өзінің әрекет қарқынын жылдамдатып немесе бәсеңдетуде, уақытты ұтымды пайдалануды талап етеді. Ол үшін уақыт сезімі дамыған болу керек. Бұл адамның ұйымшыл болуына түрткі болады, уақытты сақтауға, оны дәл ұтымды пайдалануға көмектеседі. Уақыт тек қана әртүрлі әрекет түрлерінің реттеушісі ғана емес, сонымен қатар адамның әлеуметтік қатынасының реттеушісі болып табылады. Уақыт оқушының өмірі мен оқу әрекетін 1-сыныптан бастап-ақ реттейді. Балалардың бастапқы оқыту үрдісінде ақыл-ойдың дамуына Б.Т.Ананьев психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізді. Мектепке бару кезеңінде, уақытты ажырату қабілеті дамыған балалар көптеген қосымша қиындықтарды жеңуге тура келеді. 1-сыныптан бастап-ақ балалар сыныпта бір қарқынмен және ретімен жұмыс істейді, берілген уақытта жатып, белгілі уақыттағы өзінің іс-әрекетін басқарып, оны сақтай білуі керек. 1-сынып оқушылары сабаққа кешікпей келуді, үйде уақытында сабағын дайындауды бастауы бәріне үлгеруді үйрену керек. Мектептің балаға қойылатын осы талаптарының барлығына оны мектеп жасына дейін дайындау керек. Әсіресе оған қажеттілік 6 жастан мектепке барған кезде өседі. Сондықтан балаларда уақытты сезінуін белгілі уақыт бөлігін сезініп, оларды анықтай білуді 5 жастан бастап-ақ дамыту керек. Зерттеулердің көрсеткіштері бойынша мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балаларда уақыттағы әрекетін реттеу әдісін қалыптастыру мүмкін. Ол үшін өмірге керекті әртүрлі уақыттағы уақыт аралықтарына балалардың назарын аударатын арнайы жағдайлар туғызу қажет және осы уақыт бөліктерінде не істеп үлгеру керек екенін көрсету керек. Уақыт аралықтарын әрекет үрдісінде өлшеуді содан кейін оған өз бетімен баға беруді, өз іс-әрекетін есептеп және оны алдын-ала белгіленген уақытта орындауды үйрету қажет. Уақыт түсінігін қалыптастыратын факторлар негізінен мыналар жатады: Уақыт эталондарын білу (олар жайлы жалпы түсінік). Бала қандай да бір уақыт ұзақтығын немесе уақыт аралықтарының ұзақтығын өз бетімен анықтау үшін ол сағаттағы уақыт шараларын және сағатты қолдануды үйрену керек.
Берілген уақытта орындалатын жұмыс жоспарының көлемі құмсағат көмегімен тексеріледі. Төртінші кезеңде өмір бөлігіндегі уақыт ұзақтығын бағалауға үйрету(тұрмыста, сабақта, ойында) Бұл жұмыстар математика сабағында жүргізіледі. Бағдарлама материалының бірінші 3 сабақта ересектер тобына қосылатын келесі тапсырмалар: Балаларды 1 минут ұзақтығымен таныстыру; Уақытты құмсағатпен бағыттай білуді, әр түрлі әрекет барысында орындай білуге үйрету. Берілген тапсырманы қанағаттанарлықтай уақытында орындай білу сезімін қалыптастыру. Бірінші сабақта 1 митнут туралы ұғымдарын қалыптастыру. «Минут –бұл алпыс секунд, ал секунд тіпті қысқа;» бір дегенше –секунд өтіп шығады, ал минутта алпыс секунд бар деп, 1 минуттың ұзақтығын секундомер арқылы көрсете отырып тәрбиеші түсіндіреді. Балаларға бұл құрылғының аты секундомер екенің түсіндіріп және секундомер қалай қозғалатының көрсетіп, оның бір рет айналу қозғалысы әрқашан 1 минут болатының түсіндіреді. Мектеп жасына дейінгі балаларды 1 минут отырғызып оның ұзақтығын секундомермен өлшеуді ұсынады. Балаларға бұдан кейін құмсағатты көрсетіп, оның неге бұлай аталатынын сұрайды. Тәрбиеші 1 минут ұзақтығын құмсағат және секундомер арқылы бір мезгілде көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге 1 минутты секундомер және құмсағаттың көмегімен өлшеу керек деген шешімге келеді. Тәрбиешілер мен балалар уақыт өлшеуіш құрылғыларын қалай қолдану туралы айтады. Содан кейін әрбір үстелдің үстіне құмсағаттарды қойып және 1 минут ішінде не істеп үлгергендігі жайлы балаларға айтқызуды ұсынады. Олар бұл сабақта және келесі сабақта 1 минут ішінде не істеп үлгергендігі жайлы өздерін тексеру керек. Балалар бірінші сабақта үш тапсырма орындайды:
Достарыңызбен бөлісу: |