Дәріс жоспары:
1. Математикалық ұғымдарды қалыптастыруға даярлаудың жалпы сипаттамасы.
2. Математикалық ұғымдарын қалыптастырудың әдістері.
3. Математикалық ұғымдарын қалыптастырудың құралдары.
4. Математикалық дағдыларын дамытуға бағытталған ұйымдастыру шаралары.
Дәріс барысы:
Балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастыру үшін даярлық шаралар балаларды жалпы мектепке даярлаудың құрамдас бөлімі болып табылады. Бұл процесс мектепке дейінгі мекеменің тәрбие – оқыту жұмыстарымен тікелей байланысты және ең алдымен балалардың ақыл-ой тәрбиесімен математикалық дамуларын қалыптастыруға бағытталған.
Бұл шараның басты ерекшеліктері:
- баланың танымдық әрекеттерін қалыптастыру және дамыту баланың жеке тұлғасы мен қабілеттерін, ақыл-ой процесін дамыту;
- өз мүмкіндігінше дағдылар мен іскерліктерді меңгерту үшін мектеп жасына дейінгілердің жас мүмкіншіліктерін ескеру;
- математикалық даярлық жұмыстары процесінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттері өзара тығыз бірлікте және байланыста шешіледі.
Математикалық ұғымдарды меңгере отырып, бала түрлі заттар және олардың арасындағы әрекеттер туралы қажетті сезімдегі тәжірибе жинақтап, танымдық дағдылар мен әдістерді меңгереді, оқыту барысында алған білімдерін, тәжірибе барысындағы дағдыларымен ұштастырады.
Бұл олардың қоршаған ортаны тануға өз жеке түйсінген оқиғаларын қоршаған ортамен байланыстыру, жеке басының ұнамды қасиеттерінің қалыптасуына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Балаларда математикалық ұғымдар жүйесін қалыптастыру нақты бір жүйе бойынша жүргізіледі. Мазмұндық құрылымы жағынан әсіресе негізгі ұғым іргетасы болып саналатын «жиын», «сан», «көлем» т.б. айтуға болады.
Қарапайым математикалық ұғымдар мектепке дейінгі балалар, игерулері тиіс әрекеттердің негізі болып табылады.
Қарапайым математикалық ұғымдарын жалпылау және деңгейін көтеру тек ақыл-ой әрекетін ерекше ұйымдастыруға ғана әсер етіп қоймай, оқыту процесінде арнаулы танымдық құралдарды қолдануды да қажет етеді: мысалы түрлі модельдер, кескіндемелер, графиктер т.б. Мысалы: шеңберлерден құрылған саты арқылы сандардың (натурал сандардың реттік қатары не құрамы туралы көгілдір, қара түспен шеңбер ішін төртке бөлу арқылы – тәулік кескінін ажыратып көрсетуге болады.
«Танграм», ойыны, басқатырғы «Пифагор», «Пантамино», ойындарында теңбұрыштар «Стомахион», «Сожнис», дөңестер «Колумбово» ойынында шеңберлер сиқырлы шеңбер ойынында «Вьетнам ойыны» және басқалары жатады.
Бұл ойындар балалардың кең көлемде сезімдік қабылдауларын дамытуға, ойлау жүйесін жетілдіруге және интуитивтік ойлауларын дамытуға бағытталған. Әрбір ойыншы бұл элементтерден өзі қалаған түрлі суреттерді құрай алады. Бұл үшін бөлшектерді құрай білу, белгілі бір ұқсастығын таба білу, белгілі бір ұқсастығын таба білу қажет.
Ойында көз алдына елестете білу 5-6 жастағы балаларда ойлап табу және өз бетінше ұқсас тапсырмаған байланыстыра фигура елестету пайда болады. Бұл балаларды оқытып, үйреткеннен пайда болатын жетілген қабілет пайда болады.
«Ганграл» ойынында оқу үйрену жүйесі жетілдіріледі. Бұл ойын «геометриялық конструктор» деп аталады. Бұдан бірнеше жыл бұрын өмір сүрген қытай оқымыстысы Та-ноттың атымен аталған.
Геометриялық фигураларды толық анықтау арқылы олардың толық кескіні бейнеленеді. Ойынға ыңғайлы болу үшін квадрат өлшемін 10х10 см етіп аламыз. Шаршы өлшемдері әр түрлі 5 тік бұрышты үшбұрыштарға бөлінеді, 2 үлкен, 1 орташа, 2 кішкентай; 1 шаршының өлшемі 2 кішкентай үшбұрышқа тең, төртбұрыш көлемі квадратқа тең.
Жайдақ беттегі квадраттың немесе тегіс беттегі фигуралар көмегі солардың құрамына тегіс беттегі (квадрат, тіктөртбұрыш, трапеция, үшбұрыш) 2 бөлімнен құруға болады. Фигураларды құруға мынадай бағыттарды қолданамыз. Бұл ойынның құрамына енетіндер бәрінің бөлімдері керек. Оларды бөлісіне қарай ғана бөлуге болады. Олардың құрамын бір-бірімен бөлек және ол бір-бірін араластырмау керек. Ойлау жүйесін шешу «Танграм» басқа ойындарға қарағанда (Пифагор) «Колумбия яйцо» бұл баланың өз бетінше шешуіне, бірбеткейлігіне, сезімталдығына көмектеседі.
Бұл ойын баланың өз бетінше шешуіне (құс бейнесін, үй жануарлары бейнесін бейнелеуге көмектеседі, ой-өрісін жетілдіреді, ойлау қабілетін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |