Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Қоңыржай аймақтың жазғы жасыл ормандары



Pdf көрінісі
бет85/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   120
Қоңыржай аймақтың жазғы жасыл ормандары. Қоңыржай 
аймақтың жазғы жасыл ормандары бірде-бір кеңістікті түземейді, ал 
Еуропада, 
Азияда 
және 
Солтүстік 
Америкада 
бытыраңқы 
территорияларда орналасқан.
Температуралық режим: жылы ылғалды жаз және қар жабындысы 
бар қыс. Ауа температурасы +10 °С жоғары кезең кемінде 120 күн 
созылады. Орташа жылдық температуралар +3 °С жоғары. Шілде 
айының орташа температурасы +15-тен +20 °С-ге дейін; қаңтар айында 
- +5-тен -15 °С-ге дейін жетеді. 
Жауын-шашын режимі: жылына 500 — 1 000 мм (ерекшелік 2 000 
мм дейін — мұхиттық климат түрі бар аудандарда). 
Ылғалдандыру коэффициенті —1-ден көп. 
Топырақ — құрамында 5-тен 10 %-ға дейін қарашірік бар қоңыр 
орман топырағы. 
Өсімдік ерекшеліктері. Қоңыржай аймақтың жазғы жасыл 
ормандары жалпақ жапырақты және ұсақ жапырақты ормандарға 
бөлінеді. 
Жалпақ жапырақты ормандар жинақы жоғарғы полидоминантты, 
әдетте, ағаш яруспен (10 доминантқа дейін), жақсы дамыған бұтақты 
яруспен және көлеңкесүйгіш пен көлеңкеге төзімді көп жылдық 
өсімдіктерден 
тұратын 
шөп 
жабындысының 
бар 
болуымен 
ерекшеленеді. Ярустан тыс өсімдік тек Шығыс Азияның кейбір 
өңірлеріндегі ғана мол лианалардың өсуімен келтірілді. Сонымен қатар 
жалпақ жапырақты ормандарға ағаштардағы жапырақтар жалбырағанға 
дейін көктемде гүлденетін эфемероидтар тән. 


155 
Еуропада байырғы ормандар мүлдем қалмаған, негізгі орман түзушілер 
– бүк ағашының, еменнің, сирек – жөке ағашының, шағанның, 
талшынның түрлері. Азияның жалпақ жапырақты ормандарында 
эпифиттердің (лианалардың, қырыққұлақтардың) рөлі артып жатыр, 
ағаштардың, бұталардың және шөптердің түр құрамы алуан түрлі болып 
келеді. 
Ұсақ жапырақты ормандар Батыс Сібірде кездеседі. Олар 
Қайың
және
Көктерек 
тұқымдарының түрлерінен пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет