Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  11.2.2. Субтропиктердің өсімдігі



Pdf көрінісі
бет83/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

152 
11.2.2. Субтропиктердің өсімдігі
 
Субтропиктік қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар. 
Субтропиктік белдеулер – шамамен 30 және 40° с. е. және о. е. арасында, 
қоңыржай және тропиктік белдеулер арасындағы Солтүстік және 
Оңтүстік жарты шарлардың табиғи географиялық белдеулері. 
Температуралық режим
: қысқы кезеңнің ұзақтығы 2-3 ай, жазғы – 9-
10 ай. Жылдық орташа температура – +16 °С құрайды. Шілде айының 
орташа температурасы +20 ... +25 °С, қаңтар айының орташа 
температурасы +4 °С; абсолюттік минимум -10 °С. 
Жауын-шашын режимі
: жылына 500 — 1 500 мм.
Топырақ
: қарашірік (1,5 — 8 %).
Субтропиктік ендіктерде биоценоздардың құрылымына және 
қызметіне ылғалдандыру жағдайлары мен температураның едәуір және 
ұзаққа созылған төмендеуінің жоқ болуы ең маңызды әсерін тигізеді. 
Материктердің шығыс бөлігінде жыл ішінде жауын-шашынның 
біршама бірқалыпты таралуы және жазғы кезеңнің айқын 
құрғақшылықтарының болмуы байқалады, яғни 
лавр ормандарының
өсуіне қолайлы жағдайлар жасалады. 
Материктердің батыс бөліктерінде қысқы жаңбырлармен және 
ыстық құрғақ жаздармен 
климаттың жерорта теңіздік түрі 
айқын 
байқалады, онымен жерорта теңіздік түрінің формациялары деп 
аталатын 
қатқыл жапырақты ормандар мен бұталардың (қоңыр топырақ) 
таралуы байланысты, Солтүстік жарты шарда 
қатқыл жапырақты 
ормандар мен бұталардың аймақтары оңтүстік-шығысқа қарай сұр-қоңыр 
топырақтарда субтропиктік далалардың аймақтарына өзгереді, олар өз 
кезегінде шығысқа субтропиктік шөлейт аймақтарына және құрлықтық 
сектордың шөлейттеріне қарай, сұр-қоңыр топырақтар мен сұр 
топырақтарда – құрғақ субтропиктерге ауысады. 
Оңтүстік жарты шарда құрлықтық секторларда субтропиктік белдеудің 
қатысушыларына сұр-қоңыр топырақтарда субтропиктік далалар, шығыс 
секторларда – мәңгі жасыл субтропиктердің басымдылығымен ылғалды 
субропиктер
, барынша жоғары ендіктерде – сары-қоңыр топырақтарда, сары 
топырақтарда және қызыл топырақтарда мәңгі жасыл түрлердің 
қатысуымен жазғы жасыл жапырақты орман формациялары тән. 
Өсімдіктің ерекшеліктері
Мәңгі жасыл ағаштар мен бұталардың 
үстемдігі. Әдетте, ормандар біршама ашық, бұталы және шөпті 


153 
ярустары жақсы дамыған болып келеді. Шөпті ярусты біріктіруде 
баданалы және түйнекті өсімдіктер маңызды рөлді атқарады. 
Бұрын Жерорта теңізінің байырғы қауымдастықтары тас еменінің 
(Quercus ilex) басымдығымен мәңгі жасыл қатқыл жапырақты 
ормандар болды, ал қазіргі кезде адамның қызметі және, тиісінше
ормандардың деградациясы нәтижесінде көбінесе маквис деп аталатын 
қауымдастықтардың бұталы түрлері сақталды. Маквистің құрамына 
түрлі бұталар және кесу мен өрттің әсеріне төзімді кейбір ағаштар 
кіреді. Көбінесе маквис аршагүлдердің, ладанниктердің, бүлдірген 
ағашының түрлерімен, шығыс Жерорта теңізінде – жабайы зәйтүн, 
айлауық, мирт, пісте ретінде келтірілген.
Өсімдіктің Жерорта теңізінің жағдайларына бейімделуі: 
■ 
ағаштар мен бұталар склерофиттер тобына жатады, бұл салқын әрі 
ылғалды қысқа және құрғақ ыстық жазға бейімделуі (қабықтың 
немесе тығынның бар болуы, болмашы биіктікте бұтақтану
ағаштың жалпақ ұшар бастары, қатты жапырақтары, жиі мамықтану 
және жапырақтардағы балауыздың бар болуы) болып табылады. 
■ 
ылғал жетіспеген кезде лептесіктердің бөлігі жабылады және 
тамырдан ылғалдың келуі баяулағандықтан, субулану әлсірейді; 
■ 
көптеген ағаштар мен бұталарға топыраққа терең енетін тамыр 
жүйесі тән; 
■ 
редукцияланған түктіленген жапырақ алақандары бар көп жылдық 
тырбық өсімдіктер, шыбық тәрізді және тікенекті формалар тән, 
транспирацияның төмендеуіне бейімделу. 
11.2.3. Қоңыржай климаттың өсімдік 
аймақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет