Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет16/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Бақылау сұрақтары:

  1. Мейоз дегеніміз не?

  2. Мейоздың кезеңдерін атаңдар.

  3. Кроссинговер, оның қандай маңызы бар?

  4. Конъюгация дегеніміз не?

  5. Митоз бен мейоздың ұқсастығы мен айырмашылығын мысалдар келтіре отырып түсіндіріңдер.

  6. Мейоздың биологиялық маңызын түсіндіріңдер. Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден қандай айырмашылығы бар?

7. Немересінің әке жағынан келетін әжесінен барлық 23 хромосоманы тұқым қуалап алуы мүмкін бе?
8. Нағашы әжесінің барлық 23 хромосомасы немересіне берілуі мүмкін бе?
9. Егер бастапқы клеткада 14 хромосома болса, редукциялық бөлінудің анафазасында әр полюсте қанша хромосомадан болады?
10. Егер клеткада 28 хромосома болса, эквациялық бөлінудің (ІІ мейоздық бөліну) анафаза сатысында қарама-қарсы полюстерге қанша хроматидтен орналасады?
11. Егер 2 n 14-ке, 28-ге тең болса, клеткада қанша биваленттер түзілуі мүмкін?
12. Бір хромосоманың элиминациясы (жойылуы) нәтижесінде мейозға ХО типті клетка өтеді делік. Мұнда О хромосоманың жоқ екенін көрсетеді. Сонда мейоз нәтижесінде қандай клеткалар пайда болады?
13. Мейоз нәтижесінде бір клеткадан біріне-бірі өте ұқсас төрт клетка түзіледі деп айтуға бола ма? Осыны түсіндіріп беріңіз.
14. І мейоздың профазасындағы қандай екі саты оларда өтетін үдерістер бойынша біріне-бірі қарама-қарсы болып келеді?
15. Егер диплоидты клеткада 8 хромосома болса, мейоз кезінде гомологты хромосомалардың бір жұбы бірімен-бірі бөлім алмастырса, сонда мейоз нәтижесінде клеткалардың қанша типі түзіледі (клеткадағы хромосо малардың сапалық құрылымы бойынша)? Осы айтылған үдерістің схемасын сызып суретке тұрқы бірдей гомологты хромосомаларды көрсетіңіздер, ал аталық және аналық хромосомаларды түрлі-түспен бояңыздар.
16. Мейоздың генетикалық мәні неде?


3-жұмыс


Хромосомалар


Тақырыбы: Хромосомалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет