Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет18/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Препараттарды дайындау:
Зертханалық жұмыстың мақсатына байланысты препараттар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Көбіне, зертханалық жағдайында уақытша препараттарды тұрақты препаратқа көшіруге болады.
Уақытша препаратты дайындау үш кезеңнен тұрады:

  1. Анализделінетін материалды фиксациялау (бекіту) материалдарды бекітуге дайындау.

Цитогенетикалық зерттеулер үшін (хромосомалардың санын, оның морфологиясын анықтауда) өсімдіктер тамырының жас өсінділері немесе тұқымнан өсіп шыққан басты өсінділер жақсы материал болып саналады. Олай болу себебі жас өсінділердің меристемалық жасушаларында митотикалық бөліну қарқынды жүреді. Өсімдіктерді бекітуге дайындаудың мақсаты – сапалы препараттар алу. Митотикалық жасушалардың хромосома жиынтығын зерттеу үшін өсімдіктердің пісіп-жетіліп келе жатқан тозаңдарын алады. Зерттеу нысаны ретінде өніп жатқан тұқымды алғанда оларды ылғалданған сорғыш қағазын салып, Петри табақшасында 20 – 25 0С термостатқа өсіреді. Бекітуге ұзындығы 0,8 – 1,5 см өсінділер алады. Өсінділерді бекіту алдында тәжірибенің мақсатына қарай жақсы препарат алу үшін өңдеуден өткізеді (2-кесте).


2-кесте.
Бекіту алдындағы дақылдарды өңдеудің нұсқалары



Заттар

Концентрациясы

Өңдеу уақыты

Температура

Дақылдар

Мұзды су




18 сағ.

+2 -4°С

қызанақ

24 сағ.

+2 -4°С

бидай, тритикале қарабидай

18 – 20 са.ғ

+2 -4°С

гилия

ά – β-нафталин

Қаныққан ерітіндісі (100мл суға 1 тамшы концентраты)

4-9 сағ.

+20°С

бидай, тритикале қарабидай

колхицин

0,05 – 0,2%

2-6 сағ.

+20°С

бидай, тритикале қарабидай.

8-гидроксои-хиналин

2 мм 100 мл суға 0,029 гр

2,5 – 4 сағ.

+17°С

бидай, арпа

Жоғарыда көрсетілген заттармен тамыр өсінділерді өңдеп болғаннан кейін дәкеден жасалған қапшықтарға салып, этикетканы жазып, кранның ағынды суында 15 минут жуады. Өсімдіктерді колхицинмен және ά – β-нафталинмен өңдегенде, барлық жұмыстар желдеткіші бар шкафта резина қолғапта және респиратормен істейді. Материалды бекіткенде өсінділердің ұшынан 5–7 мм кесіп, фиксатор ерітіндісіне енгізеді. Ұзын хромосомалары бар өсімдіктердің өсіндісін бекітудің алдында бір сағат 0,5-1% хлорагидрат ерітіндісімен өңдейді, кейіннен бір сағат бойы ағынды суда ұстайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет