Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет29/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

11-сурет. Дрозофила шыбыны ♀♂ және мутанттары

Дрозофиланың аналығы мен аталықтары, әдетте, бір-бірінен бірқатар морфологиялық белгілері бойынша ажыратылады. Қоректену жағдайларына, әсіресе дернәсілдердің дамуы кезіндегі қоректену жағдайларына байланысты шыбынның мөлшері күшті өзгеріске ұшырайды, дегенмен, ұрғашылары еркектерінен ірірек келеді. Ересек шыбынның ұзындығы 2–3 мм., ұрғашыларының құрсағы аздап дөңгеленген және артына қарай үшкірленген; аталықтарында ол цилиндр тәріздес және құрсағының соңғы бірнеше тергидтері (скелеттік хитин қабықшалары) жаппай пигменттелген қара болады және соған қарап аталықтарын ұрғашыларынан оңай айырады. Екінші жыныстық белгілердің қатарына аталықтарында ғана болатын жыныстық жалдар жатады, ол олардың алдыңғы аяқтарының бірінші буынының табандарында бір қатар болып орналасқан қара түсті хитин қылшықтары болып табылады.




Жұмыс тәртібі:

  1. Арнаулы морилкаларда эфирдің көмегімен шыбындарды ұйықтатады. Шыбындардың қозғалуы тоқтасымен оларды морилкадан пластинка бетіне төгеді және зерттелмекші тұқым қуалайтын белгілері қаралады. Шыбындарды қауырсындармен немесе кистілермен қозғайды. Ұйықтату кезінде шыбындарды алмауға тырысу керек. Артық эфир иіскеуден өлген шыбындардың қанаттары тіке жоғары көтеріледі, ондай шыбындардың белгілерін айыру өте қиынға соғады.

  2. Бинокуляр микроскопының астында аналықтары мен аталықтары қаралады, олардың айырылу белгілерін анықтайды, тергидтерін санайды, алдыңғы аяқ буындарының табандарынан жыныс жалдарын табады. Аналығы мен аталықтарының суретін салады.

  3. Тура және кері шағылыстырулар үшін әр студент нөмерленген тізбек шыбындар (еркектерін және ұрықтанбаған ұрғашыларын) алады және ата-ана тізбектері қандай белгілері бойынша ажыратылатынын анықтауға тиіс.

  4. Шағылыстыру үшін ішінде қоректік заты бар әрбір орта көлемді пробирканың ішкі қабырғасына екі ұрғашы және екі еркек (көбірек те салуға болады) шыбын орналастырады. Шағылысуға қойған кезде ұйқыдағы шыбындар қоректік заттарға түсіп кетпеуін қадағалау керек, өйткені олар қоректік затқа қанаттарымен жабысып қалуы мүмкін. 2 пробиркаға тура және кері шағылыстыру қойылады.

  5. Шағылыстыру қойылған соң пробиркаларды мақтадан жасалған тығынмен тыңғылықты жабады және шыбындар оянғанға дейін пробиркаларды горизонталь бағытта ұстайды. Сонан соң пробиркаларды вертикаль бағытта қоюға болады.

  6. Пробиркалар нөмірленеді және оған жасалған шағылыстырулар жазылады.

  7. Ұрпақтарының ата-аналарымен шағылысуын болдырмау үшін 5-7 күннен кейін пробиркалардан ата-аналары шығарылады. Егер бұл уақытқа дейін шағылысу болмаса, онда шыбындарды жаңа қорекке көшіру және 3-4 күннен кейін оларды пробиркалардан шығару керек. Көбейтуге жататын шыбындар аз болған жағдайда да осы әдісті қолдануға болады. Егер қорек сұйық болып кетсе, сүлгі қағаздан гармоника жасап, оны пробиркалардың қабырғасына салып қою керек.

  8. Ұрпаққа анализ жасалады.

  9. Егер пробиркада зең пайда болса,пробирканы ашпайды және ондағы шыбындарға анализ жасалмайды.

  10. Барлық жазулар тәжірибе хаттамаларына жазылады (2 хаттаманың үлгісін қосымшадан қара).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет