Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Хромосомадағы гендердің арақашықтығын анықтау



бет59/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   123
Хромосомадағы гендердің арақашықтығын анықтау. Хромосомалардың генетикалық картасын құрастыру. Екі геннің бір немесе әртүрлі тіркесу тобына жататынын, бір тіркесу тобындағы екі геннің арақашықтығын анықтау үшін дигибридті анализдеуші шағылыстыруға тәжірибе жүргізеді. Алынған ұрпақты фенотипі бойынша есептейді. Мысалы: дрозофила шыбынының зерттелетін гені бойынша дигетерозиготалы аналықты, рецессивті аталығымен шағылыстыру жүргізеді. Гендер шыбында гендердің еркін үйлесу заңына сәйкес теңдей мынадай гаметалар /АВ, Ав,аВ,ав/, түзіледі. Мұны үлгі ретінде көрсетейік.
Гаметалар P ♀Аа Вв х ♂ аавв
АВ, Ав ав ав ав
F1 АаВв Аавв ааВв аавв
F1 фенотиптер АаВв - 25%; Аавв - 25%; ааВв - 25%;
Аавв – 25%.
Бұл тәжірибеден екі қорытынды жасауға болады.
1. Анализдеуші шығылыстыру, аналықтың гаметасы негізінде ұрпақтың фенотипін анықтайды.
2. Анализдеуші шағылыстыруда барлық төрт фенотиптік ұрпақтар бірдей сан қатынасында /25%-дан / түзіледі. Бұл А және В гендері әр хромосомада орналасқанын дәлелдейді.
R және S гендері бойынша дигетерозиготалы аналық т дрозофила шыбынын рецессивті аталығымен шағылыстыру жүргізгенде фенотип бойынша ұрпақтары мынадай қатынаста ажыраған: RS – 45%, Rs – 5%, rS – 5% және rs – 45% .
Осы шағылыстырудың үлгісін жазайық.
P ♀ Rr Ss х ♂ rrss
Гаметалар RS Rs rS rs
F1 RrSs Rrss rrSs rrss
Фенотиптер Rr Ss – 45%, Rrss – 5%, rrSs – 5%, rrss – 45%.
Үлгіде көрсетілгендей фенотиптері әр түрлі даралардың санының пайыздық қатынасы 25:25:25:25 тең болмай, мынадай 45:5:5:45 қатынаста болады. Бұл R және S гендері бір хромосомада орналасқанын, тіркесіп тұқым қуалауын көрсетеді. F2-де ұрпақ белгілерінің ажырауы пайызы 45+45 = 90% болуы аналық шыбынның жұп хромосомаларында R,r,S,s гендердің тіркесуінің өте жоғары екенін көрсетеді. Демек, аналық шыбынның жұп хромосомаларында R – генімен, S – гені, r – гені, - s генімен үйлескенін көрсетсе, онда аналықтың генотипі R S
r s болады.
Хромосомадағы R және S гендердің арақашықтығы ұрпақтағы рекомбинат шыбындардың жалпы санымен анықталады. Тәжірибе бойынша – 10%. Осыдан R және S гендерінің және / r мен s/ арақашықтығы 10 морганидке тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет