Хромосомалардың генетикалық картасын жасау
1-есеп. Мысалы, хромосомада гендердің тізбектеле, моншақ тәрізді орналасу заңына сәйкес, дигибридті анализдеуші шағылыстыру барысында бір тіркесу тобына кіретін үш геннің /А,В және С/ арақашықтығын анықтады делік. А және В гендердің арақашықтығы 5 морганидке, ал В және С геннің арасы 3 морганидке тең болса, А және С гендерінің арақашықтығын анықтау керек. Т.Морганның заңына және тура сызықты орналасқан үш нүктелердің теоремасына сәйкес, АС нүктелерінің арақашықтығы АВ және ВС нүктелерінің арақашықтығының қосындысына немесе айырмасына тең.
АС = АВ + ВС немесе
АВ+ВС = 5+3 А В С
АВ - ВС=5-3 А С В осыны былай жазуға АС = АВ + ВС=5+3 болады. Сонымен А және С гендерінің арақашықтығы 5+3= 8-ге немесе 5-3=2 тең. Бұл тәжірибе жүзінде анықталады.
Хромосомадағы гендердің орналасу локусына байлынысты белгілердің тіркесіп тұқым қуалауы анық болса, онда кросоверлі және кросоверлі емес гаметалардың түзілуінің қатынасын есептеп шығаруға болады.
Мысалы, дрозофила шыбынының денесінің қара түсін рецессивті /в/ гені, ал көзінің қоңыр түсін рецессивті /р/ гені анықтайды. Олардың доминантты аллельдері /В/ денесінің сұр түсін және /Р/ көзінің қызыл түсін бақылайды. Бұл гендер II жұп хромосоманың 48,5 және 54,5 локусында орналасқан.
Генотипі В р аналық және В Р аталық шыбындар қанша, қандай типті гаметалар түзілетінін анықтау керек. Ол үшін в және р гендерінің локусының арақашықтығын анықтаймыз. Ол 54,5-48,5 = 6 морганидке тең.
Есептің шартын кестеге жазамыз
Белгі
|
Ген
|
Локусы
|
Денесі қара
|
В
|
II аутосом 48,5
|
Денесі сұр
|
В
|
II аутосом 48,5
|
Көзі қоңыр
|
Р
|
II аутосом 54,5
|
Көзі қызыл
|
Р
|
II аутосом 54,5
|
в және р гендерінің арақашықтығы 6% морганидтке тең болуы, жұмыртқа клеткасының 6% кроссоверлі екенін көрсетсе оның 3% ВР гаметаға, ал вр гаметаға, 3% үлесіне тиеді. Қалған гаметалардың 94% кроссоверлі емес болады. Сонымен в және р локустарының арасы – 54,5 – 48,5 =6 морганид.
В р
Р
в р
Кроссоверлі емес гаметалар Вр - 47% Вр - 47%
ВР - 3% вр - 3 %.
Кроссоверлі гаметалар
Дрозофила шыбының еркегінде кроссинговер құбылысы болмайтындықтан, генотипі В Р , екі типті гамета мынадай қатынаста
в р
ВР – 50%, вр – 50% түзіледі.
2-есеп. Талдаушы шағылыстыру нәтижесінде АаВв гетерозиготадан:
АВ 903
Ав 101
аВ 98
ав 898
────
2000 ұрпақтар алынған.
Белгілердің ажырауын түсіндіріңдер. Егер гендер тіркескен болса, гетерозигота жағдайында «тартылу» немесе «ажырау» кезеңінде ме?
Достарыңызбен бөлісу: |