17-18-суреттер. Толық тіркесу
Сонымен, Т. Морган зерттеген белгілердің тіркес тұқым қуалауы Морганның тіркесу заңы немесе генетиканың төртінші заңы деп аталады.
Тапсырмаларды орындау:
Дигибридті будандастырудағы сияқты тек алынған Ғ1 ұрпақтағы шыбындарды рецессивті денесі қара, жетілмеген қанатты шыбындармен талдаушы шағылыстыру жүргізу керек.
♀ денесінің түсі сұр қалыпты қанатты♀ (N) х ♂ қара денелі жетілмеген қанат (black-vestigial) шыбындарды шағылыстыруда толық тіркесу кезінде белгілер ажырауының теориялық күтілімінің үлгісі төменде берілген.
Р ♀ х ♂ Р ♀ х ♂
Гаметалар Гаметалар
Ғ1 Ғ1
F2 1 қалыпты : 1 қара vestigial F2 1 black : 1 қара vestigial
12-кесте
N х black-vestigial шағылыстырудағы белгілердің толық емес тіркесуіндегі будандарға талдау
Линиялар, будандар
|
Зерттелген шыбындар
|
Ажырау
|
барлығы
|
оның ішінде
|
Теориялық күтілім
|
Тәжірибеден алынған
|
N
|
black-vestigial
|
black
|
Vestigial
|
♀ N
|
3
|
3
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
♂
|
5
|
-
|
5
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Ғ1 N х black- vestigial
|
116
|
116
|
Жоқ
|
Жоқ
|
Жоқ
|
Біркелкі
|
Ғв Ғ 1Ғ1 х black- vestigial
|
20
|
75
|
174
|
36
|
35
|
1:1
|
5 :5:1:1
|
Барлығы,%
|
100
|
41,5 41,5
83 %
|
8,5 8,5
17%
|
|
|
Ғ1 ұрпақ будан шыбындарымен талдаушы шағылыстырудың нәтижелері де кестеде көрсетілген. Сонда белгілердің ажырауы 1:1 қатынасы емес, басқа да аз мөлшерде болса да шыбындардың класы түзіледі: N1 х black-vestigial және black, vestigial.
Талдаушы шағылыстыруда екі қосымша кластың түзілуі (17%), black, vestigial гендері орналасқан гомологін ІІ хромосомдар арасында мейоздық бөлінуде кроссинговер жүргенін көрсетеді.
Кроссинговердің жиілігі 17 пайызға тең болғандықтан, black пен vestigial гендерінің хромосомада орналасқан локусының арақашықтығы 17 морганидте тең.
Бақылау сұрақтары
1. Т. Морган заңы қандай жағдайда көрінеді?
2. Т. Морган дрозофила шыбынында қандай тәжірибелер жүргізді?
3. Толық тіркесу мен толық емес тіркесудің цитологиялық негізі неде?
4. Қай тіркесудің эволюция үшін маңызы бар?
19-сурет. Толық емес тіркесу
|
Тіркесу және кроссинговерге арналған есептерді шығару жолдары
1-есеп. F1 ұрпақтағы дигетерозиталы организмдермен талдаушы шағылыстыру жүргізгенде фенотип бойынша белгілердің ажырауы:
а) АВ : аb : Ab: аВ=25% :24.5% : 25,5% : 25% ;
ә) АВ : аb : Ab: Ав = 46,5% : 47,5% : 3,5% : 2,5%;
б) АВ : аb= 50,5% : 49,5% болған.
Гендер тәуелсіз тұқым қуалайтынын немесе гендер тіркесіп берілетінін анықтаңдар.
Шешуі: Бұл үшгибридті будандастыру аналық үшгетерозигота болғандықтан 8 гамета түзіліп тұр. Алынған нәтижелерге қарасақ, гендер еркін тұқым қуаламай тіркесіп берілгенін көреміз. Сондықтан үш геннің арасындағы тіркесу күшін табамыз. Ол үшін жұп аллельдерді аламыз. Мысалы, cv+ ct+ және оларға комплементарлы аллельдер сv ct. Осындай белгілері бар дараларды іріктеп алып, жалпы санын анықтаймыз. Олар кроссоверлі (73+2+80+2 = 157). Осы аллельдердің қалған комбинациясының даралары cv + ct және cv ct+ қосындысын (759+140+766+158=1823) береді. Енді жалпы даралардың ішінен кроссоверлі даралардың қанша пайыз екенін анықтаймыз. Ол үшін жалпы даралардың санын анықтап (1823+157=1980), кроссинговерге ұшыраған даралардың санын жүз пайызға көбейтіп, даралардың жалпы санына бөлеміз: 157 х 100:1980=7,9 пайыз болады. Сонда гендердің арасы – 7,9 морганидке тең. Хромосомада олардың орналасуы: cv+ ct немесе cv ct.+. түрде болады.
Дәл осындай жолмен келесі жұп геннің ct және v арақашықтығын анықтаймыз. Бұл жағдайда ct + v және ctv + = 73+766+759+80=1678 ct + v + және ctv = 2+140+1580+2=202. Мұнда кроссинговерлі даралар 10,2 пайыз құрайтын болса, ct cv гендердің арақашықтығы 10,2 морганид болып және ct + v аллельдер бір хромосомада орналасады. Осы жолмен cv және v гендердің арақашықтығын анықтаймыз. (cv + v + cv v + ) = 73+140+80+158=451. Бұл 27,7 пайызын құрайды. Сонымен хромосомада гендердің орналасуы мынадай тәртіппен жүреді:
cv +_________7,9_______ct________10,2_______v +
Достарыңызбен бөлісу: |