Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Тапсырмаларға түсініктеме



бет57/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Тапсырмаларға түсініктеме.
Тіркесу. Бір хромосомада орналасқан гендердің айқаса алмай, бірігіп тұқым қуалауын гендердің тіркесуі деп атайды. Яғни, олар бір-бірінен тәуелсіз ажырап кетпей, бірге тұқым қуалайды. Алғаш рет бұл құбылысты 1905 жылы У.Бэтсон және З. Пеннет хош иісті бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибелерінде ашқан болатын. Бұл заңдылықтың теориялық тұжырымдамасын жасаған және терең зерттеген ғалым Т. Морган болды. Кез келген жоғары сатыдағы организмдерде гендердің саны хромосомалардың санынан артық болады. Мысалы, адамның 46 хромосомасында соңғы деректерге сүйенсек, 26 мыңнан 40 мың-ға жуық гендер, ал дрозофила шыбынының 4 жұп хромосомасында 7000 ген бар деген болжам бар (11-кесте).


11-кесте
Кейбір өсімдіктер мен жануарлардың диплоидты
хромосомалар саны



Өсімдіктер

Хромосомалар саны

Жануарлар

Хромосомалар саны

Шырша

24

Адам

46

Жөке

82

Шимпанзе

48

Сәбіз

18

Жылқы

64

Арпа

14

Есек

62

Асбұршақ

22

Сиыр

60

Мақта

52

Ит

78

Бір жұп хромосомада бірнеше мың ген болады. Бір хромосомада орналасқан гендерді тіркескен гендер деп атайды. Ол гендер тіркесу тобын құрайды. Жасушаның мейоздық бөлінуі кезінде тіркескен гендер бір гаметаға түседі. Т.Морган тіркесу құбылысын анықтау мақсатында зерттеу нысаны ретінде жеміс шыбынын – дрозофила меланогастерді алады.


Себебі, оның мынадай ерекшеліктері бар. Олар:

  1. Аз уақыт ішінде ұрпақ береді. 8-10 күн;

  2. Ұрпақтарының саны көп, 2-3 аналық, екі аталықтан 500-600 ұрпақ шыбын алады;

  3. Өзгерген түрлері көп;

  4. Хромосома саны аз, 4 жұп – 8.

Денесінің түсі сұр, қалыпты қанатты шыбынды денесінің түсі қара, жетілмеген қанатты аталығымен будандастырады.
Мұнда:
Бірінші ұрпақ будандарының барлығы денесінің түсі сұр, жетілген қанатты болады.
Бірінші ұрпақ будандарын өз-өзімен будандастырғанда, Ғ2 ұрпақта белгілердің фенотипі бойынша ажырауы тәуелсіз тұқым қуалау заңына сәйкес болмай (9:3:3:1), ата-анасының белгілері бойынша 3:1 қатынасында ажырайды.
Белгілердің 3:1 қатынасында ажырауы, дененің түсін, қанатының пішінін анықтайтын гендер бір жұп хромосомада орналасатынын көрсетеді. Бұл бір хромосомада орналасқан гендердің бірігіп, тіркесіп тұқым қуалайтынын дәлелдейді. Тіркесудің екі түрі болады. Толық тіркесу және толық емес тіркесу. Толық тіркесу – сирек кездесетін құбылыс. Мысалы, денесінің түсі қара, жетілмеген қанатты аналық дрозофила шыбынын, денесінің түсі сұр, жетілген қанатты аталығымен будандастырғанда, ұрпақтарында белгілердің фенотипі бойынша ажырауы 1:1 сан қатынасында немесе 50–50% болып, бір хромосомада болғандықтан, толық тіркесу байқалады.
Мұнда аналық шыбында 4 гаметаның орнына екі типті b+Vg және bVg+, ал аталықта бір типті dVg гаметалар түзіледі, гаметалардағы гендердің қосылу комбинациясы ата-аналық дараларға сәйкес келеді. Сондықтанда ұрпақтары ата-аналық дараларға (денесі қара, жетілген қанат және денесі сұр, жетілмеген қанат) ұқсас болады.
Талдаушы шағылыстыруда Ғ2 ұрпақтар 50% (қара дене, жетілмеген қанат) және 50% (сұр дене, жетілген қанат) болады.
Сонда b+ гені Vg+ генімен, ал b гені Vg генімен тіркескен. Бұл гендер бір-бірінен ажырамайтындықтан, гомологты хромосомалардың учаскелерінде алмасу жүрмейді. Жынысына қарамай, бірдей сан қатынасында ата-аналық белгілері бар ұрпақтар түзіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет